• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕЭК ЕАЭО елдеріне кедендік әкелім баж салығын бөлуді қадағалау бойынша құжаттың жобасын ұсынды

ЕЭК ЕАЭО елдеріне кедендік әкелім баж салығын бөлуді қадағалау бойынша құжаттың жобасын ұсынды

16 Шілде, 2015 19:17
Еуразиялық экономикалық комиссия Коллегиясының отырысында қаржы саясаты, техникалық реттеу, өндірістік және агроөндірістік кешендер, монополияға қарсы реттеу мен сауда салаларында бірқатар мәселелер қаралды, деп хабарлады комиссияның баспасөз қызметі.

Атап айтар болсақ, Кедендік әкелім баж салығын есептеу, бөлу  және оларды ЕАЭО мүше мемлекеттерінің бюджетіне аудару мәселелері бойынша бірлескен қадағылау шаралары туралы келісімнің жобасын Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекеттеріне мемлекетішілік мақұлдауға жіберу туралы шешім қабылданды.   Мемлекет ішілік мақұлдаудың нәтижесі ЕЭК 2015 жылдың 30 қыркүйегіне дейін келіп түсуі керек.

Бірлескен бақылау шараларынің нәтижесінде кедендік әкелім баж салығын есептеу, бөлу  және оларды одаққа мүше мемлекеттердің бюджетіне аудару барысы тексеріледі.

Сонымен, бірлескен тексеру нәтижесі бойынша жасалған есепті мүше мемлекеттің үкіметі 10 күннің ішінде оны қабылдаған сәттен бастап өзінің мемлекетінің мемлекеттік органдарына орындалу үшін жіберу керек. Ал, олар болса өз кезегінде 3 айдың ішінде барлық олқылықтардың орнын толтыруға тиісті.

Егер міндет толығымен немесе уақытылы орындалмаған жағдайда хаттамаға сәйкес уақытты өткізіп алғаны үшін пайыз төленеді, сонымен қатар құқық бұзушылық тіркелген елдің аумағындағы жауапты тұлға жазаға тартылатын болады. 

 

Барлық жаңалықтар