Ақмола облысында 9 білім беру, 9 денсаулық сақтау мекемесі салынады

17 Шілде, 2015 08:34
Аршалы ауданының Қостомар ауылында бір ауысымда 10 адамға арналған жаңа фельдшерлік-акушерлік тірек ашылады, деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Фельдшерлік-акушерлік тіректе тұрғындарды 4 медицина қызметкері мен акушерка қабылдайды. Медицина нысаны жалпыдәрігерлік құрылғылар жинағы мен медициналық аппараттар сияқты  ауруларды қабылдауға қажетті барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілетін болады. Бұл жерде қазір ішкі әрлеу жұмыстары мен нысанға тиесілі аймақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, қажетті құрылығылар орналастырылуда. Жаңа фельдшерлік-акушерлік тіректің құны 88 млн 230 мың теңге тұрады. Жаңа медицина нысаны 446 тұрғынды қабылдайтын болады.  

Сонымен қатар, осы жерде құны 346 млн теңге тұратын 120 орындық мектеп салынуда. Осы уақытта білім беру нысанында әрлеу және электромонтаждау жұмыстары, қазандық құрылысы мен технологиялық құрылғыларды орналастыру шаралары жүргізілуде. Нысан биылғы жылдың тамыз айында іске қосылады деп жоспарланып отыр.    

Хабарламадан мәлім болғанындай, 2015 жылы өңірде бірқатар жаңа әлеуметтік нысандарды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Мысалы, 15 денсаулық сақтау нысанын салуға 4,5 млрд теңге қарастырылған. Тек биылғы жылдың өзінде Зеренді және Ақкөз аудандарында ауысымында 250 адамға арналған 2 емхана салынбақ. Бурабай, Целиноград, Аршалы, Бұланды және Есіл аудандарында 6 дәрігерлік амбулатория мен фельдшерлік-акушерлік тірек салынады.   

Сондай-ақ 2015 жылы Атбасар, Бурабай, Зеренді, Сандықтау аудандары мен Көкшетау мен Степногорск қалаларында 14 денсаулық сақтау нысанын жөндеуден өткізу үшін 618 млн теңге бөлінген.  Қалған 3 нысан бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

 

Барлық жаңалықтар