- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның барлық аймақтарына дәрі-дәрмек кесте бойынша жеткізілуде – ҚР ДСӘДМ
Қазақстанның барлық аймақтарына дәрі-дәрмек кесте бойынша жеткізілуде – ҚР ДСӘДМ
Балалар мен ересектерді амбулаториялық деңгейде емдеу мемлекеттің есебінен қаржыландырылып, емдеу протоколына сәйкес жүзеге асырылып келеді.
«Кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясындағы емдік дәрі-дәрмектер тізімін жасау жас ерекшеліктері мен ингибиторлы формамен ауратын балаларды ескере отырып, барлық облыстық және Астана, Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармалары, республикалық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдары мен еліміздің алдыңғы қатарлы гематолог мамандарының үсыныстары негізінде жасалады»,- делінген хабарламада.
Астана, Алматы қалалары мен аймақтардағы денсаулық сақтау басқармаларының мәлімдеген қажеттіліктерінің негізінде 2014 жылдың қыркүйегінде ТОО «СК-Фармация» 2015 жылға ауруларды емдеуга арналған қан факторын сатып алуға 17 халықаралық патенттелмеген атаулар бойынша 8 млрд. теңге сомасына тендер өткізді.
Барлық сатып алынатын қан факторлары Қазақстан Республикасы аумағында мемлекеттік тіркеуден өткен. Дәрі-дәрмек препараттарының медициналық қолданылуы мемлекеттік тіркеуден өту кезіндегі нұсқаулыққа сәйкес реттеледі.
Сонымен бірге, бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу ережелеріне сәйкес эксперттік комиссия құрылды. Құрамына ҚР ДСӘД бас гематологы кіретін аталмыш комиссия 2015 жылы кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында сатып алынатын емдік дәрі-дәрмектерді әлеуетті жеткізушілердің ұсыныстар сәйкестігін тексеру үшін сараптама жасамақ.
2016 жылға арналған дәрі-дәрмектерді, оның ішінде гемофильді факторларды сатып алу белгіленген мерзімде жүзеге асырылып, бекітілген кестеге сай жеткізіледі.
ҚР ДСӘД бас гематологы Риза Боранбаеваың айтуынша, 2015 жылы бірыңғай дистрибьютор арқылы 6 жасқа дейінгі балаларға клиникалық байқау жүргізбейтін «Новикс» препараты сатып алынған, Қазақстанда бұл препарат ересектер мен жасы 6 жастан жоғары балаларға қолданылады. «Б» типіндегі гемофилияның қанның ұю факторымен қамтамасыз ету бойынша аймақтарда жас балаларға қарсы көрсетілімі жоқ иммунин мен октанайн (IX фактор) препараттарының қоры бар», - деп атап өтті Р.Боранбаева.
ҚР ДСӘД бас гематологы Ирина Пивоварованың мәліметі бойынша, 2015 жылы гемофилия ауруына шалдыққандарды профилактикалық емдеу үшін «Геморель А» препараты сатып алынған жоқ және ұолданысқа енген жоқ. Сонымен қатар, гемофилия ауруына шалдыққан пациенттерді рекомбинантты препараттарға ауыстыру жоспарланған емес. Мүндай мақсат ҚР ДСӘД тарапынан да, гемотолог дәрігерлер тарапынан болған жоқ, - деді И.Пивоварова.
Мамандардың пікірінше, бұл мәселе толық зерттеу мен бірнеше сатылық жұмысты қажет етеді. Қан ұюының плазмалық факторындағы балалар ингибитордың ұлғаю әсеріне байланысты, рекомбинатқа ауыстырылмауы керек. Бұл мәселені шешу үшін шетел тәжірибесімен танысып, гематология саласындағы ересектер мен балалар мамандарымен бірлесе отырып, дұрыс шешім қабылдаған абзал.
2014 жылы барлық аймақтардың лаборант дәрігерлері гемофилияға диагноз қою мәселесі бойынша кеңейтілген семинарлар өткізіолді. Сондай-ақ, «Республикалық Медициналық Орталық» АҚ квотасы пациенттері үздіксіз дәрігерлік бақылаудан өтіп отыр. Медицициналық көмекке жүгінетін барша темофилиямен ауыратын пациенттер жалпыемдеу жүйесінде кепілдендірілген емдеу алады. Мұндай ауруға шалдыққан адамдарға медициналық көмек көрсетуде бас тарту фактілері тіркелмеген.
Жергілікті халықты сапалы, тиімді, қауіпсіз дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, сонымен қатар оларды кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында қолжетімді ету ҚР ДСӘД басты міндеттерінің бірі болып саналады. Барша көмекке мұқтаж адамдарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында бұл мақсаттағы қаржыландыру жыл сайын өсіп келеді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған