Валюта дәлізінің кеңеюінің экономикаға ешқандай да зияны жоқ – сарапшы

16 Шілде, 2015 15:06
Валюта дәлізінің Ұлттың банктің 2015 жылдың 15-шілдесінде бекіткен долларға шаққандағының бағамының 198 теңге болуы Қазақстан экономикасына ешқандай әсері жоқ. Бұл ретте дәліздің жоғарғы шегіндегі бағамы ең кемінде 3 айға созылады, деген ойымен бөлісті бүгін ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Вячеслав Додонов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

«Меніңше, валюталық дәліздің кеңейтілгені бізге ешқандай әсер етпейді. Ұлттық банктің осыған дейінгі дәлізді кеңейтуін алсақ, онда дәліз қанша кең болғанымен теңгенің негізгі бағыттын дұрыстауға мүмкіндік туды. Әрине, Қазақстанджағы қазіргі жағдай сыртқы факторлардың әсерін  алатын болсақ, аса мәз емес және оны біздің барлығымыз білеміз. Бірінші кезекте бұл осыған дейін бірнеше мәрте айтылған мұнай нарығының жағдайына байланысты. Біз осы уақытқа дейін осы бағның төмендеуінің ықпалында келеміз, біз бұл қысымды әлі толық сезіне қойған жоқпыз, сондықтан бұл фактор біздің экономикамызға, валюта нарығына, Қазақстан экспортының төмендеуін, төлем жүйесіндегі сәйкессіздіңктің пайда болуына әсерін тигізіп отыр»,-деді В.Додонов.

Жалпы алғанда, оның пікірінше, жағдай соншалықты қиын емес. Валюта дәлізінің жоғарғы шегіне қарай өсуі небәрі 10 теңгегеартып отыр, бұл 5 пайызды құрайды. Сарапшы доллар, еуро, йена, сияқты тұғырлы валюталардың өзі бір-біріне қарағанда 5 теңгеге құбылуы мүмкін.   

«Ұлттық банк жасаған қадам небәрі теңге бағамының төмендеуіне деген дайындық қана. Әңгіме теңгенің құны түседі ма түспейді ма дегенде емес, мәселе оның қанша уақытта және қандай жолмен түсетіндігінде. Е;гер соңы уақыттардағыдай бәсең әрі салмақты жүргізілетін болса, онда алаңдайтындай ештеңе жоқ»,-деді ол.  

Сонымен қатар, ғылыми қызметкер сөзінше дәліздің жоғарғы шегіне қарай кемінде 3 ай жүретіндігін айтты.  

«Егер жоғарғы ділзге қарай қозғалыс өте жедел өтетін болса, бұл расында да алаңдаушылық тудыратын себеп болады. Меніңше, бұл үдеріс жылдам жүрмейді, өәткені Ұлттық банк құбылу үдерісін бәсеңдету үшін осыған дейін қолданып келген құралдарды тағы да қолданады. Бұл өз кезегінде 1,2,3 айды немесе жарты жылды қажет етеді. Меніңше ол бір жылдан кем, алайда 1 тоқсаннан көп болады»,-деді сарапшы.

Анар Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар