- Басты
- Жаңалықтар
- ЕҰУ-дің 800 бакалаврі үздік дипломға ие болды
ЕҰУ-дің 800 бакалаврі үздік дипломға ие болды
«Биылғы жылы Еуразия ұлттық университетін бітірушілердің саны 4573 адамды құрады. Оның ішінде әртүрлі мамандық бойынша 3403 - бакалавр, 1102 - магистр және 68 адам доктор дәрежесін алды.Ақпараттық технология факультеті бойынша бакалавриат дәрежесін алғандардың саны 461-ге жетті, ал көлік-энергетика факультеті - 448, экономика факультеті – 401», - делінген хабарламада.
Үздік диплом 808 бакалаврға тапсырылса, оның 186-сын экономика факультетінің түлектері иемденді. Үздік диплом алу саны бойынша екінші орында физико-техникалық факультеті – 112 адам, үшінші орында филология факультеіт -105 адам.
Бүгінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – қазақстандағы жоғары оқу орындарының көшбасшысы екендігін толыққанды айтуға болады, себебі білім ордасы халықаралық білім беру кеңістігінде өзінің айырықша орнын сеніммен жеңіп алған.
Ағымдағы жылы Еуразия ұлттық университеті еліміздегі 57 жоғары оқу орындарының арасында ұлттық рейтинг бойынша бірінші орын алып өзінің көшбасшы екендігін дәлелдеді.
Еуразия кіндігінде орналасқан университет, Европа университеттері ассоциациясына мүше бола отырып, өзінің Еуропадағы академия әлеміне үзбей қатысуын қамтамасыз етіп келеді. Европалық ғылыми-өндірістік палата «Жоғары оқу орындарының рейтингі: Европалық стандарт» жобасы бойынша еліміздегі тұңғыш ұлттық білім одасының көшбасшылық бағытта екендігін анықтады.
Халықаралық рейтингтік агенттігінің QS Top 50 under 50 (жасы 50-ден аспаған жоғары оқу орындары) 2014 жылғы ақпараты бойынша Еуразия ұлттық университеті «әлемдегі жас жоғары оқу орындарының ауыр салмақтысы» атанып 38-ші орынға шыққандығы анықталды.
Халықаралық рейтингтік QS World University агенттігінің пайымдауынша ЕҰУ ТОП-400 дүниежүзілік ең үздік университеттердің қатарына кіреді.
2016 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті өзінің құрылғанына 20 жыл толған даталы күнін атап өтеді.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай