М.Өтешев: Мемлекеттік қызметтің сапасына елдің дамуы тәуелді

16 Шілде, 2015 14:07
Мемлекеттік қызметтің сапасына елдің дамуы тәуелді, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде ҚР мемлекеттік қызметі мен жемқорлыққа қарсы агенттігінің Павлодар облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Мақсұт Өтешев.

«Бірінші институционалды реформа кәсіби мемлекеттік аппараттың қалыптасуына тәуелді – бұл өте маңызды және өзекті. Мемлекеттік қызметтің сапасына елдің дамуы тәуелді», - деді М.Өтешев.

Оның айтуынша, кәсіптік мемлекеттік аппараттың қалыптасу реформасы  қызметтегі жұмыскерлердің тиімді әрі өнімді еңбек етуіне жағдай жасайды.

«Мемлекеттік қызметтің көп бөлігі өңірлерде қызмет еткендіктен  - 90 пайызы, аудандарда 55 пайызы қызмет етеді. Аталмыш реформа ең бірінші реформасы  қызметтегі жұмыскерлердің тиімді әрі өнімді еңбек етуіне жағдай жасауға бағытталады. Сондықтан «100 нақты қадам» ұлт жоспары аясында мемлекеттік қызметті сапаландыра түсу үшін аудан қызметкерлері тартылды», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар