- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО билігі аймақтардағы мектептерді оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесін шешуде
ОҚО билігі аймақтардағы мектептерді оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесін шешуде
ОҚО Жастар ісі және тілдерді дамыту басқармасының басшысы А.Елчиеваның айтуынша, жалпы өндірісті қаржыландыру және оқу құралдарын мектептерге жеткізу құны 3 050 274 мың теңгені құрап отыр.
Облыстық мәслихат отырысында барлығы 14 аудан мен қала мектептерін оқулықтармен қамтамасыз ету үшін қосымша қаржы бөлу туралы шешім шығарылды, қазіргі күні бұл мақсатқа 2 316 307 мың теңге бөлінген. Жергілікті атқарушы органдары оқулықтармен қамтамасыз ету үшін қосымша қаржы бөлу мәселесін ағымдағы жылдың 20 шілдесіне дейін шешуді жоспарлап отыр.
Білім саласы бақылау комитенің төрағасы Саят Нюсупов атап өткендей, метептерді оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесіне жергілікті атқарушы органдар заң жүзінде жауапты.
«Министрліктің жоспары бойынша ағымдағы жылдың 20 тамызына дейін еліміздегі барлық мектептер оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдарымен қамтамасыз етіледі. ҚР Білім және ғылым министрі бұл мәселені жіті бақылауда ұстап отыр», – деді С.Нюсупов.
Аталып өткендей, Шымкентте өткен шұғыл отырысқа ҚР БжҒМ-ның шақыртуымен отандық ірі баспаханалардың өкілдері шақырылып, олармен жетіспейтін оқулықтарды басып шығару туралы келісім шарт жасалды. Атап айтқанда, баспахана өкілдері оқулықтарды кепілдік негізде өздерінің резервтік қорынан қарызға беруге дайындығын білдірді.
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Қ.Көшербаев: Қаныш Сәтбаев халқына қызмет етуді бір сәтке болсын тоқтатқан емес -
Дәрігер: «Пандемияда науқасқа психологиялық қолдау көрсету де оңай емес» -
Өзен суымен қамтамасыз ету жұмыстары қалай жүріп жатыр -
«Нұрлы жол»: Жолдағы қызмет көрсету нысандары, ақылы жолдар және кадр тапшылығы