• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жаңа енгізілген еңбекақы төлеу жүйесі тек әкімшілік мемлекеттік қызмет өкілдеріне ғана арналған

Жаңа енгізілген еңбекақы төлеу жүйесі тек әкімшілік мемлекеттік қызмет өкілдеріне ғана арналған

16 Шілде, 2015 13:15
2016 жылдың 1-қаңтарынан бастап, мемлекеттік қызметкерлердің жалақыларын төлеу жүйесіне факторлық-балды шек енгізілетін болады және ол тек әкімшілік аппаратқа ғана қатысты, деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Айгүл Шаимова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

«Мемлекеттік қызметкерлердің жалақы төлеу жүйесі бойынша қолданылатын факторлы балдық шек 2016 жылдың 1-қаңтарынан бастап енгізілетін болады. Ал факторлы шек жүйесінің құқық қорғау және сот органдарына қатысты қолданылуына келетін болсақ, біз бұл ретте алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибелерін зерттедік және факторлы-балды шектің дамыған мемлекеттерде құқық қорғау және сот органдарына да қатысты қолданылатындығын білдік. Алайда, бұл алдыңғы қатарлы мемлекеттерде аталған органдарға арнайы қызметтер мен міндеттердің аз артылғандығын және олардың біздің еліміздегі құқық қорғау органдары мен сот органдарынан айтарлықтай айырмашылық бар екендігін назарға алу керек. Сондықтан, біз айтып отырған факторлы-балды шек тек әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер үшін қолданылуы керек»,-деді А.Шаимова.     

Айта кететін мәселе, мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органдары мен сот жүйесінде факторлы балды шек арқылы еңбекақы төлеу жүйесі қосымша зерттелетін болады және оған қатысты тиісті шешім қабылданады.  

Анар Тәңірқұлова

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар