- Басты
- Жаңалықтар
- Шығыс Қазақстан облысының ТЖД-і өрттен сақтандыру рейдін ұйымдастырды
Шығыс Қазақстан облысының ТЖД-і өрттен сақтандыру рейдін ұйымдастырды
Рейд шарасына жер қатынастары мен ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкерлері де белсенді атсалысты. «Көп жағдайда жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер өрт қауіпсіздігі шараларына немкетті қарайды. Міне, көптеген жылдардан бері алаңдарды өрттен сақтандыру шаралары орындалмай келеді»,-деді Өскемен қаласы төтенше жағдайлар басқармасының өрт бақылау бөлімінің аға инженері Жанарбек Тоқышев.
Рейд барысында инспекторлар элеваторлар мен нан қабылдау тіректеріндегі, егін жинау техникаларының өрт қауіпсіздігі бойынша талаптарды орындау жұмыстарна тексеру жүргізді. Олардың пікірлерінше, бұл шара ауыл шаруашылығы нысандарындағы өрт қауіпсіздігін нығайтып, дала өрттерінің алдын алуға мүмкіндік береді.
Ж.Тоқышевтің айтуынша, осы сияқты рейд шаралары әдетте өзінің нәтижесін көрсетеді. Соңғы бірнеше жылда Өскемен аймағында үлкен өрт оқиғалары тіркелген жоқ. «Мұндай рейд шараларын біз тұрақты түрде ұйымдастырамыз және оның барысында тұрғын үйлердің иелеріне де өрттен сақтандыру шаралары туралы айтып, қауіпсіздік шараларын насихаттаймыз»,-деді Ж.Тоқышев.
Сонымен қатар, рейд шарасының нәтижелері қала әкімдігі мен прокуратура органдарына жолданатындығы айтылған.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру