- Басты
- Жаңалықтар
- «Достастық жауынгері» халықаралық байқауына қатысу үшін іріктеу кезеңінен 17 әскери қызметші өтті (Фото)
«Достастық жауынгері» халықаралық байқауына қатысу үшін іріктеу кезеңінен 17 әскери қызметші өтті (Фото)
Оның нәтижесі бойынша халықаралық байқауда Қазақстанның және армиямыздың намысын қорғайтын ең күшті, ең шыдамды және ең білімді деген әскери қызметшілер айқындалды. ҚР Қарулы Күштерінің ауқымында 4 топтан тұратын 17 әскери қызметші жеңімпаз атанды. Іріктеліп алынған әскери қызметшілердің арасынан ҚР ҚК тобы құралады.
Бір ай бойы тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен күшейтілген даярлықтан өткен жауынгерлер «Достастық жауынгері» халықаралық байқауына қатысады. Байқау барысында әскери қызметшілер АРД кедергі сызығын игеруде, жалпы әскери қорғаныс кешенін киюде, суық қаруды лақтыруда, атыста, дене даярлығында өздерінің машықтанған дағдыларын көрсетті.
Қатысушылар АК-74 автоматымен жұмыс істеу ептілігін, сондай-ақ әскери тарих, ҰОС жылдарындағы кеңестік жауынгерлердің даңқты батырлығы мен жауынгерлік ерлігі, халықаралық гуманитарлық құқық нормалары туралы білімдерін танытты.
Достас армиялар әскери қызметшілерінің әскери-кәсіби шеберлігін көрсететін «Достастық жауынгері» халықаралық байқауы 2009 жылдан бастап ТМД қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің шешімі бойынша жыл сайын өткізілетінін атап өткен жөн. Өткен жылдары байқау Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының аумағында өткізілді. Қазақстандық әскери қызметшілер байқауға ұдайы қатысып, өздерінің жоғарғы жеке даярлық деңгейін көрсетеді және әрқашан жүлделі орындар иеленіп келеді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді