- Басты
- Жаңалықтар
- «Қазақстан даму банкі» АҚ Оңтүстік Қазақстанда 22 жобаны қаржыландырмақ
«Қазақстан даму банкі» АҚ Оңтүстік Қазақстанда 22 жобаны қаржыландырмақ
«Индустрияландыру картасы аясында алғашқы бесжылдықта Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы құны 184 млрд. теңгені құрайтын 137 жоба іске асып, 11 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 130 жоба 2015 жылдың алғашқы жартыжылдығында толық өндірістік қуаттылығына шықты. Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығында жалпы құны 868,8 млрд. теңгені құрайтын 115 жоба іске аспақ», - делінген хабарламада.
Бұл кәсіпорындарда 19,9 мың жаңа жұмыс орындары құрылады деп жоспарлануда. Оның ішінде биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында құны 12,2 млрд теңге болатын 2 жоба іске асып, 420 жаңа жұмыс орындары ашылды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы іске асқалы бері 790 шағын және орта бизнес субъектілері 407,6 млрд. теңгеге қаржыландырылып, 13041 жаңа жұмыс орындары құрылды. «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасымен өткен жиында өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері кеңінен сөз болып, экономиканы өрге сүйрейтін жаңа жобалардың таныстырылымы өтті.
Бұл кездесуде алғаш болып «Қазақстан даму банкі» АҚ басқарма төрағасының назарына Шымкент қаласындағы әуежайды жаңғырту жобасы ұсынылды. Былтырғы жылы әуежай 420 мың жолаушыға қызмет көрсетсе, таяу уақытта мұндағы жолаушылар ағыны 30 пайызға артады деп жоспарлануда. Сол себепті әуежайдың терминалы мен ұшу және қону жолағын заман талабына сай қайта жасақтау міндеті тұр. Шымкенттің күн санап ұлғайып отырғанын ескерген жобалаушылар мұнда әуежайдың жаңа терминалымен қатар автостанса және темір жол перронын салуды ойластырғанын жеткізіп, бұл еліміздегі ең тұңғыш мультимодельді хаб болып қалыптасатынын атап өтті.
Ал сауда-логистикалық орталығында «А» классты заманауи қоймалар құрылысын бастаған ««Continental Logistics» ЖШС жобаның екінші кезеңінде өзімізде өндірілген көкөністер мен жеміс-жидектерді қалыпты күйінде сақтауға арналған климаттық қоймалар құрылысын бастауды ұйғарып отыр. Еліміздегі және шетелдік нарықта өзіндік орын иеленген «Hill corporation» ЖШС базалық майлар шығаратын жаңа кәсіпорынның негізін қалауды жоспарлауда. Алдын ала жасалған талдау бойынша мұнда дайындалған өнімнің 40 пайызы Қытай Халық Республикасына экспортталмақ.
Сондай-ақ бұл кездесуде «Молочный рай» ЖШС 1000 бас асыл тұқымды мал асырайтын сүт-тауарлы фермасы мен замануи сүт өндеу зауыты жобаларының таныстырылымын жүргізді. Ал «Амир А» ЖШС металлургиялық зауыты қос таврлы және үлкен өлшемді швеллер бұйымдарын өндіруді көздеп отыр. Жобалармен мұқият танысқан «Қазақстан даму банкі» АҚ басқарма төрағасы Б.Жәмішев осы жобалардың әрқайсысы да ұйымның мақсат-мүддесіне сай келетініне тоқталып, қаржылай қолдау көрсетуге болатынын атап өтті.
Сондай-ақ басқарма төрағасы Кентау трансформатор зауытының қуаттылығы 110-120 Кв трансформаторлар шығару желісін ұлғайту, «Оңтүстік» индустриалды аймағы» дирекциясының газды өңдеу арқылы электр энергиясын өндіру, «Назар текстиль» ЖШС кілем фабрикасының ІІ-кезеңін жүргізу, Түркияның «Каланча» компаниясымен бірлесе джинсы матасын шығару, «Шымкентмай» АҚ өндірістік кешенін жаңғырту секілді жобалармен де танысып, олардың бизнес-жоспарлары ұйым мүдессіне сай болса қаржыландыруға дайын екендігін мәлімдеді.
Ал Қасқасуда тау-шаңғы курортын жүргізу, гранулалық пропилендер мен жоғары октанды бензин өндірісіне қажетті метилтретбутилды эфир өндіру, сары фосфор мен фосфор қышқылын шығару, желден электр энергиясын өндіру, радиаторлар өндірісін қолға алу сынды жобалар бойынша бизнес-тәуекелдер нақты есептеліп, жобаның коммерциялық құндылығы мен одан түсетін пайда дұрыс айқындалуы керек деді. Түс қайта «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасы Шымкент мұнай өңдеу зауыты мен «Стандарт цемент» ЖШС цемент зауытын қайта жаңғырту жұмыстарымен және Шымкент қаласында салынып жатқан сауда-логистикалық орталығында «Continental Logistics» ЖШС-нің қойма кешендерімен танысты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды