• Басты
  • Астанада «Нұрсұлтан Назарбаев: билік басындағы адам» атты кітаптың тұсауы кесілді

Астанада «Нұрсұлтан Назарбаев: билік басындағы адам» атты кітаптың тұсауы кесілді

16 Шілде, 2015 12:14
ҚР Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысының кітапханасында профессорлар Бүркітбай Аяған мен Алима Ауанасованың «Нұрсұлтан Назарбаев: билік басындағы адам» атты Мемлекет басшысының өмір жолына арналған кітаптың тұсауы кесілді.

«Біздің Президентіміз туралы әрине, бізге дейін де жазды. Олар біздің қазіргі жазушыларымыз бен шетелдіктердің кітаптары. «Нұрсұлтан Назарбаев: билік басындағы адам» атты кітаптың құндылығы оны кәсіби тарихшылардың жазғандығында. Біз Президенттің балалық шағынан бастап, барлық материалдарды жинадық. Материалдардың арасында Елбасының тұлға ретіндегі қалыптасуы, Укаринада білім алуы, Теміртауда жұмыс істеуі барлығы бар. Ең бастысы - біз Кеңес Одағы құлаған тұсқа екпін түсірдік»,-деді кітаптың авторларының бірі, тарих ғылымының докторы, профессор Б.Аяған.   

«Нұрсұлтан Назарбаев: билік басындағы адам»  тарихи-өмірбаяндық кітабы «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы», «Нұрсұлтан Назарбаев және мемлекет құрудың қазақстандық үлгісі», «Назарбаев туралы әлем», «Кемеңгер», «Тәуелсіз Қазақстан және Ұлт Көшбасшысы» атты зерттеулердің жалғасы болып табылады.  

Авторлардың айтуларынша, олар елдің саяси шыңына көтеріліп, оны әлемдік аренада лайықты көрсете білген дарынды азаматтың өмірін көрсетуге тырысқан. Осылайша, кітапта Елбасының еңбек жолы айқын көрініс тапқан және ол елдің болашақ Президентінің өмірі мен әлем мойындаған саяси лауазымдарға көтерілу жолдары туралы жан-жақты айтылған.     

Еңбекте Қазақстан басшысының геосаяси өзгерістер кезінде қалыптасқан мемлекеттің стратегиялық бағытын анықтауға мүмкіндік берген мемлекетттік құрылыс кезінде жинақтаған іс-тәжірибесі  талданады.  

Кітапта қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі мұрағат материалдары пайдаланылған.   

Ботагөз Айтжанова

 

 

Барлық жаңалықтар