- Басты
- Жаңалықтар
- «Славян базары-2015» байқауының жеңімпазы ТМД елдерінің масс-медиа нарығына шығуды жоспарлауда
«Славян базары-2015» байқауының жеңімпазы ТМД елдерінің масс-медиа нарығына шығуды жоспарлауда
«Шынымды айтсам бұл байқауға қатысу туралы бала кезімнен армандап келемін. Орайы келіп тұрғанда университетіміздің ректоры Айман Мусаходжаеваға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіргім келеді. Бүгінгі таңда бойындағы талантымен алысқа бара алмайсын, қолдау керек», деді Д. Құдайберген.
Жақын арада «Славян базары-2015» байқауының жеңімпазы ТМД елдерінің масс-медиа нарығына шығуды жоспарлап отыр.
«Болашақта біз Ресей, кейін ТМД елдерінің нарығында өз клиптерімізді көрсетсек деп едік. Өздеріңіз білетіндей «Славян базары» байқауы барлық ТМД елдерінде көрсетіледі. Бұл өте беделді байқау онда Beyonce, Валерий Леонтьев, Витас сынды жарық жұлдыздар өнер көрсетеді. Осы ретте жас әртіске осындай үлкен әртістермен бір сахнада өнер көрсету жоғары мәртебе», деді әнші.
Өз кезегінде Димаштың ұстазы, ҚазҰӨУ профессоры Майра Дәулетбак аталмыш байқаудың деңгейін жоғары бағалады.
«Байқаудың кәсіби деңгейі өте жоғары болды, конкурстанттар өте мықты. 21 мемлекеттен келген конкурстанттар байқауда бақ сынады, бәсеке өте жоғары болды. Алайда біздің Димаш оқ бойы озып шықты, біз оны мақтан тұтамыз», деді М. Дәулетбак.
Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайберген екі күннің қорытындысы бойынша ең жоғары балл - 175 балл жинады. Қазақстандық әнші Жазғы амфитеатр сахнасында бас жүлдені және арнайы «Лира» сыйлығына иеленген еді.
Айта кетерлік жайт, «Славян базары» байқауы 1992 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді.
Анар Тәңірқұлова
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
COVID-19: Еуропа елдерінің шекарасы кімдерге ашық, қандай қызметтерге рұқсат етілген -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Қ.Тоқаев: Локдауннан ертерек шығудың бірден-бір жолы – вакцина -
ИНФОГРАФИКА: ТМД-да тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші қандай -
Strategy2050.kz бас редакторы «Үркер 2020» жеңімпазы атанды
-
Елордада ауыл әйелдерінің III Республикалық форумы басталды -
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай -
Astana Hub Қазақстан мен ТМД-дағы IT-компаниялары арасында байқау жариялады. Талаптары қандай