• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбе облысында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай мүсіншілердің халықаралық симпозиумы өтті

Ақтөбе облысында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай мүсіншілердің халықаралық симпозиумы өтті

16 Шілде, 2015 12:47
Ақтөбеде балқытып мүсін жасау бойынша «Металл форумы - шекарасыз шығармашылық» атты халықаралық симпозиум аяқталды, ол Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.

Шараға Ресей мен Қазақстанның суретшілер одағының мүшелері, кәсіби мүсіншілер қатысты.

Атап айтқанда, мұнда Нижний Тагилден келген Андрей Барахвостов, Александр Иванов, Александра Пыстаногова, Невьянскіден келген Юрий Заикин мен Ақтөбе облыстық өнер мұражайының директоры Марат Ғабдрахманов өз өнерлерін паш етеді.

Екі апта бойы суретшілер Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың отаны Қобда ауданында металдан мүсіндер соқты. 

Симпозиумның соңғы бөлімі Ақтөбе қаласындағы облыстық өнер мұражайының кіреберісінде өтті. Мұнда темірден түйін түйетін шеберлердің қолынан шыққан «Мерген», «Жаршы», «Амазонка», «Бақсы», «Қош келдіңіздер» «Тотем» композициялары қойылды.

Барлық жаңалықтар