- Басты
- Жаңалықтар
- АҚШ сарапшылары мемлекеттік органдардың құндылықтарын анықтау тәжірибесімен бөлісті
АҚШ сарапшылары мемлекеттік органдардың құндылықтарын анықтау тәжірибесімен бөлісті
Айта кетейік, 2015 жылғы сәуір айында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның «Center for Open Data Enterprise» Америка компаниясымен бірлескен «Жеке меншік секторға арналған ашық деректер» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.Өзінің блогында Center for Open Data Enterprise хабарлағандай, компанияның күшімен көптеген елдерде осындай дөңгелек үстелдер талай мәрте өткізілген. АҚШ ашық деректерді дамыту жөнінде озық елдердің бірі болып табылады. АҚШ ашық деректер порталында әлдеқашан 140 мыңнан аса деректер жиынтығы ұсынылған, қосымшалардың үлкен көлемі әзірленген.
Осындай нәтижелерге жету жолында мемлекеттік органдар және жеке меншік секторы өкілдерімен де бірнеше дөңгелек үстел өткізілді. Center for Open Data Enterprise компаниясының ашық деректер саласындағы сарапшылары коммерциялық құндылықты құрайтын мемлекеттік органдар деректерінің құндылығын анықтауға көмектесу үшін, жеке меншік сектормен диалогты жүзеге асыруда көптеген елдердің үкіметіне көмектеседі. Одан басқа, осындай
іс-шаралардың мақсаты деректер пайдалануда сенімді, толық жарамды, жеңіл және үнемі өзектілендірілген болу үшін шешім жолдарын әзірлеу болып табылады.
Қазақстанда жеке меншік сектор өкілдерімен ашық деректер бойынша дөңгелек үстел бірінші рет өткізілді.
Center for Open Data Enterprise хабарламасында: «БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің Өңіраралық кеңесшісі Ричард Керби: «Қазақстан барлық елдердің азаматтары мен кәсіпкерлерінің пікірін ескере келе, ашық деректердің сенімді тұғырнамасын іске асыру жолында тұр»,- деп атап өтті делінген.
Блогта, сондай-ақ, ағылшын тілінде дөңгелек үстел нәтижесі туралы есеп берілген.
-
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды