ИИДМБ: Bal Tekstil өнімі Өзбекстан мен Ресейге экспортқа шықты (ФОТО)

16 Шілде, 2015 11:26
Қуаты жылына 2,5 млн шаршы метр кілем тоқуға мүмкіндік беретін фабрика өнімдері Өзбекстан мен Ресй нарықтарына экспортқа шықты, деп хабарлайды Bal Tekstil компаниясының коммерциялық директоры Қуан Ысқақов Strategy2050.kz. ақпарат агенттігінң тілшісіне берген сұхбатында.

«Біздің компания 2011 жылы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында негізі қаланып, 2013 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында іске қосылды. Бүгінгі таңда біз жылына 2,5 мың шаршы метр кілем шығарамыз және 180 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырмыз. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының қаржыландыруының арқасында біз дамудың екінші кезеңіне аяқ бастық, яғни біз кілем тоқуға қажетті шикізатты да шығара бастадық. Жылына біз 4 мың тонна жіп шығарамыз, бұған қосымша 70 адам жұмысқа тартылған. Жіпті өзіміздің шығаруымыздың есебінен кілемдердің түстері әркелкілене бастады»,-деді Қ.Ысқақов.   

Директордың айтуынша, осы ретте өзіндік бағаның құны 20 пайызға төмендеді, бұрындары шикізат Түркиядан әкелінген соң тауар да қымбатырақ болатын. 

Бұған қоса, Қ.Ысқақовтың сөзінше, компания Атырауда полипропилен шығаратын зауыт ашпақшы, соның есебінен тауар бағасы тағы арзандайды.  

«Біз 2015 жылы үш станкоты іске қостық, соның есебінен біз жіпті полипропиленнен өзге де материалдардан шығара аламыз. Олардың арасында элиталы дәрежедегі кілемдер де бар. Алдағы 2-3 айда біз жоғары дәрежелі кілемдерді толық көлемде шығара бастаймыз»,-деді Қ.Ысқақов.     

Компанияның өнімдері осы кезде Өзбекстан мен Ресей нарықтарына экспорттталып, бүгінгі таңда осы тауарларды сатып алуға IKEА компаниясы ниет білдіріп отыр. Қазір келіссөздер жүргізілуде.  

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар