• Басты
  • Ерейментауда Қазақстандағы алғашқы өндірістік ЖЭС іске қосылады
26 Шілде, 2015 11:46

Ерейментауда Қазақстандағы алғашқы өндірістік ЖЭС іске қосылады

Ерейментауда Қазақстандағы бірінші өндірістіңк жел электр станциясы іске қосылады, деп хабарлады Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ерейментауда Қазақстандағы алғашқы өндірістік ЖЭС іске қосылады

Естеріңізге сала кетейік, қала аумағында жел электр станциясының құрылысы жүруде. Кәсіпорын жаңартылған энергия көздерінен электр энергияны өндірумен айналысады. Нысаннның жобалық қуаттылығы жылына 45 МВт, болашақта 300 МВт-қа дейін кеңейтілетін болады. Бұл Қазақстандағы алғашқы өндірістік ЖЭС.

Бүгінде 22 жел турбиналары орнатылған, станция құрылысы аяқталды, іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Жобаның құны шамамен 17,6 млрд теңгені құрады.

Айта кетерлік жайт, нысанды іске қосу ағымдағы жылдың 15 тамызына белгіленген.

Барлық жаңалықтар