• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысының аудандарында спортпен айналысуға қажетті жағдай қалыптастырылуда (ФОТО)

Ақмола облысының аудандарында спортпен айналысуға қажетті жағдай қалыптастырылуда (ФОТО)

16 Шілде, 2015 11:09
Шортанды ауданында екі спорт алаңы жасақталып, оған көше тренажерлары қойылды, деп хабарлайды облыстың ішкі саясат басқармасына қарасты «Ақмола Медиа Орталығы»

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша, Шортанды ауылында аудандық мәдениет үйінің аймағындағы саябақ аумағында екі спорт алаңы жасақталып, оған тренажерлар қойылды, оның бірі арнайы қоршаумен жабылған.  

Спорт алаңында спортпен айналысуға ниеттенген кез-келген адам жаттыға алады. Балалар да ересектер де. Ауданда салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру мен спорт, балалар мен жасөспірімердің спортпен айналысуы үшін қажетті қарапайым шарттарды қалыптастыру тиісті деңгейде жүзеге асырылуда.   

Айта кететін мәселе, спорт алаңында жаттығу ерік-жігерді шыңдап, өскелең ұрпақтың бойында төзімділік пен ширақтықты, қимыл үйлесімдерін дамытып, салауатты өмір салтына деген ынтызарлықты оятады.  

 

 

 

Барлық жаңалықтар