- Басты
- Жаңалықтар
- «Астана Опера» театрының екінші мусымында театрға 90 737 көрермен келді
«Астана Опера» театрының екінші мусымында театрға 90 737 көрермен келді
2014-2015 жылғы екінші театр маусымының қорытындысы бойынша «Астана Опера» театрында 200-ден астам іс-шаралар өтті, тұрақты репертуардағы спектакльдермен қатар Ғ.А.Жұбанованың «Қарагөз», П.И.Чайковскийдің «Жаңғақ шаққыш», Б.Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» сияқты үш балет спектаклін және Х. Брогхауздың қойылымындағы Дж.Вердидің «Травиата» және атақты режиссер Ф. Дзеффиреллидің қойылымындағы Дж.Вердидің «Аида» сияқты екі опералық спектакльді қосқанда бес тұсаукесер болды. Гала-концерт пен гала балетке үлкен қызығушылық туғандығы атап өтілді.
«Зерттеулер көрсеткендей, театрға келуші көрерменнің жас шамасы 25-тен 40-қа дейінгілерді құрайды. Қойылымдарды таңдау кезінде театрдың қонақтары қазақстандық және шетелдік жұлдыздардың қатысуымен өтетін ең белгілі, әсерлі және қабылдағанға жеңіл спектакльдерге ерекше мән берді», - делінген хабарламада.
«Астана Опера» көрермендерінің айтуы бойынша өз қызметін енді бастаған театр ұжымы екі жылдың ішінде астанамыздың мәдени өмірінің деңгейін айтарлықтай арттырды, бұрын тек шетелдерде ғана көруге болатын қойылымдармен танысуға мүмкіндік берді. Репертуарлардың ішінде әлемдік сахнада Қазақстанды танытуға және гастрольдерге шығуға болатын, шеберлікпен жасалған сахналық қойылымдағы ұлттық спектакльдердің болуын атап өтуге болады.
Маркетингтік зерттеулерде барлық тұсаукесерлік қойылымдар барысында залдар 99%-ға толы болғаны атап көрсетілген. «Астана Опера» театрының қойылып жүрген репертуары «Травиата», «Аида», «Қарагөз», «Бақшасарай бұрқағы», «Спартак», «Аққу көлі», «Ұйқыдағы ару» және басқа танымал және көпшілік үшін сұранысқа ие спектакльдерден тұрады. Ашық аспан аясында қойылған «Аида» операсының қойылымы үлкен қызығушылық туғызды. Театр әкімшілігі ашық кеңістікте басқа да қойылымдарды қою мүмкіндігін қарастыруда.
Театрдың үш залында өткізілген барлық іс-шаралар бойынша залдар көрерменге 87,5% толған. Театрдың екінші мусымында театрға 90 737 көрермен келген.
Олардың барлығы ұзақ мерзімді әріптестікке қол жеткізуге ұмтылуда. Шақырылған бас дирижер Валерий Гергиев: - Біз гастрольдік сапарлармен өнер көрсету арқылы Санкт-Петербор және Астана қалаларының мәдени өмірін байыта түсетін репертуарларды міндетті түрде кеңейтетін боламыз, - деп атап өткен болатын. Маэстро Мариинский театрының репертуарының көпшілігі Астана қаласының көрермендері үшін шын мәнінде қызығушылық тудыратынына сенімді.
Елордалық «Астана Опера» театрының труппасы өз кезегінде АҚШ (Нью-Йорк), Канада (Торонто), Франция (Париж), Бельгия (Антверпен), Голландия (Роттердам) сияқты 5 елде әлемдік турне бойынша өнер көрсетті және барлық елден әртістер үлкен табыспен оралды. Балет труппасы Карло Феличе (Италия) театрының сахнасында өз шеберлігін көрсетті.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
«Бопай ханым» спектаклі көрерменге жол тартты -
Екінші дүниежүзілік соғыс: ақиқат пен ақтаңдақ -
COVID-19 әлемде: Францияда коронавирустың жаңа штамы анықталды, АҚШ-та антиденелері бар сәби дүниеге келді -
COVID-19 пандемиясы Қазақстанның денсаулық сақтау саласына қандай өзгерістер алып келді -
Қазақстандағы адам саудасы: үш жылда 1100 қылмыс тіркелді -
МӘМС: Кімдер тіркелді, халыққа қандай көмек көрсетілді және қордың пандемия кезіндегі жұмысы -
COVID-19: "Пандемияның екінші жылы біріншісінен қиын болуы мүмкін" -
Үшінші тоқсандағы мектептегі оқу мен ЖОО-дағы екінші семестр қалай жүргізіледі -
«Таза сайлау» ұйымы: Сайлауда Қазақстан бойынша 500 заңбұзушылық тіркелді
-
Жер қойнауын пайдалану құқығы берілген онлайн аукцион қазынаға 61 млрд теңге әкелді -
Коронавирустың екінші толқыны: Жағдай күрделі, бірақ бақылауда -
Коронавирустың екінші толқыны: Қазақстан мектептері неге дәстүрлі оқу форматына көшкен жоқ