ШҚО Көкпекті ауданының 19 мекемесіне қаржылық бақылау жүргізілді

16 Шілде, 2015 10:56
ҚР Қаржы Министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы 2015 жылға арналған Бақылау іс-шаралары жоспарына сәйкес, қаржылық есептілікке, тиімділікке сәйкестігін бақылау бойынша кешенді бақылау 19 мемлекеттік мекемеге жүргізілді, деп хабарлады Қаржы министрлігі.

 «2013-2017 жылдың сәуір айлары аралығында  бақылауға алынған кезеңде бақылаумен 4 145 535,4 мың  теңге қамтылды және жалпы сомасы  1 693 143,34  мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, бұл қамтылған қаражат көлемінің  40,8% құрады, олар:    қаржылық бұзушылықтар  1 343 719,54 мың теңге сомасына; ереже, шарттар мен рәсімдердің сақталуын бақылау кезіндегі анықталған бұзушылықтар  349 423,8 мың теңге сомасына», - делінген хабарламада.

Сатып алу қорытындысына әсері тиген, Мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманың бұзушылықтары 229 438,3 мың теңгеге.

Қалпына келтіруге және өтелуге жататын, бұзушылықтардың жалпы сомасы 512 034,9 мың теңге, олардың ішінде қолданылған шаралармен  қалпына келтірілгені  - 485 194,9 мың теңге, бюджет кірісіне өтелгені – 2 165,31 мың теңге немесе қалпына келтіру мен өтелуге тиесілі жалпы сомадан 95,2 пайыз.

Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша 10 лауазымды тұлға әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.Құқыққорғау органдарына «ШҚО Көкпекті ауданының Тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бойынша 617 927,9 мың теңге сомасына процессуалдық шешім қолдану үшін  1 бақылау материалы тапсырылды.     

Барлық жаңалықтар