• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда жекешелендіру аясында республикалық бюджетке 1 500 млн қаржы түсті – Қаржы министрлігі

Қазақстанда жекешелендіру аясында республикалық бюджетке 1 500 млн қаржы түсті – Қаржы министрлігі

16 Шілде, 2015 11:58
2014 жылдың маусым – 2015 жылдың шілдедегі кезеңінде 372 нысан жекешелендіруге жатады. 2015 жылдың 14 шілдедегі жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 335 объекті шығарылды, оның ішінде 188 нысан сатылды, деп хабарлады Қаржы министрлігі.

Оның ішінде республикалық меншік бойынша – 9, коммуналдық меншік бойынша – 82, ӘКК – 56, холдингтер бойынша – 41.

Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 1 430 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 1 212 млн. теңгеден астам, Холдингтер 58 366 млн теңге, ӘКК 2 917 млн. теңге.

«Республикалық меншік бойынша барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 34 нысан  жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың шілдедегі кезеңінде іс жүзінде сатуға 19 нысан  жоспарланған. Ағымдағы жылдың 14 шілдедегі жағдайы бойынша сауда-саттыққа 19 нысан  шығарылды, оның ішінде 9 нысан сатылды», - делінген хабарламада.

Коммуналдық меншік бойынша  барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 243 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың шілдедегі кезеңінде 181 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 14 шілдедегі жағдайы бойынша 164 объекті шығарылды, соның ішінде 82 объекті сатылды.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша  әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014-2015 жылдарда сату Кесте бойынша сатуға 110 объекті белгіленді. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың шілдедегі кезеңінде 95 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 76 объекті сатуға қойылды, 56 объекті сатылды.

Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша  2014 – 2015 жж. арналған сату Кестесі бойынша 107 объекті жекешелендіруге жатады, 14 шілдедегі жағдайы бойынша жоспарланған 77 нысанның  76 нысан сауда-саттыққа шығарылды, оның ішінде 41 нысан  сатылды.

Барлық жаңалықтар