- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында су қорғау габиондардың сынауы өтті (Фото)
Қарағанды облысында су қорғау габиондардың сынауы өтті (Фото)
«Аталмыш семинарды өткізудің басты себебі Қарағанды облысындағы 2015 жылдың сәуір-мамыр айларында орын алған су тасқынының апатты салдары болып табылады», - делінген хабарламада.
Ауқымды іс-шара үш кезеңнен тұрды, сонымен қоса «дөңгелек үстел де» ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамының өкілдері өздерінің жұмыстары туралы бейнефильм көрсетіп, су тасқыны кезіндегі атқарылған жұмыстары туралы айтып берді. Әрі қарай көктемгі су тасқыны кезіндегі жұмыстар туралы баяндамалар тындалды, Қарағанды облысының ТЖД-нен бастықтың орынбасары полковник М.К.Қатпанов баяндамасын оқыды.
Семинардың теориялық бөлімі осындай сұрақтарды қамтыды: су тасқыны және оның зақымдаушы факторлары; әлемдегі және ҚР су тасқындарының сипаттамасы; өзен ағуының пайда болу жағдайларына, су тасқынына және Қарағанды облысындағы гидродинамикалық аварияларды және оларды болжау; су тасқынынан қорғау тәсілдеріне мониторинг жүргізу. Халықаралық тәжірибеге қарап су тасқынынан қорғау және су тасқынын алдын алу мен салдарын жоюына Қарағанды облысының дайындығына талдау жүргізілді, сондай-ақ Қарағанды облысын су тасқынынан және болашақтағы болуы мүмкін су тасқындардан қорғау жағдайларын жақсартуға отандық технологияларды пайдалана отырып, инженерлік қорғау габионды бекітуді салу тәсілімен ұсыныстар еңгізілді.
Семинардың практикалық бөлімінде Қарағанды–Алматы автожолын көктемгі су тасқыны кезінде Соқыр өзені шайып кеткен жерде су қорғау габиондарды сынау болды. Төтенше жағдайлар үшін арнайы бөгетті сынаудың негізгі мақсаты мүдделі мекемелердің құрылғымен танысу, жүйенің эксперттік бағасын беру болып табылады. Құтқарушылардың күшімен полигонда биіктігі 2 метр бөгетті жасау үшін құрылыстың фрагменті жасалып, оған топырақ толтырылды, содан соң брандспойттың көмегімен топырақтың шайылып кетуі жасалды. Сонымен қатар, қысымды су ағысына ТЖАБ-ның тұрақтылығына баға берілді. Ол үшін гидранттың көмегімен тез ағынды судың ТЖАБ-ның қарсы жағына әсерін жасанды түрде жасады.
Аталмыш іс-шараны өткізу бірге қызмет етіп жүрген мекемелердің атқарылған жұмыстарын ашық талдауға, сонымен қатар су тасқыны және су тасқынынан кейін жіберілген кемшіліктерге, оның ішінде зардап шегушілерге гуманитарлық көмекті жинау мәселелеріне назар аударуға мүмкіндік берді. Семинар соңында, қатысушылар бір-біріне жемісті жұмыс атқарғаны үшін алғыс айтып және алдағы жұмыста сәттілік тіледі.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті