• Басты
  • Жаңалықтар
  • Маңғыстау облысының мемлекеттік кірістер департаменті оқу орындарының түлектері үшін есігін айқара ашты

Маңғыстау облысының мемлекеттік кірістер департаменті оқу орындарының түлектері үшін есігін айқара ашты

16 Шілде, 2015 09:38
Маңғыстау облысының мемлекеттік кірістер департаментінде оқу орындарының түлектері үшін ашық есік күні өтті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Шараға елу шақты жастар қатысты, олардың кейбірейлері әдейі өзге аймақтардан келген.

Басқарма басшысы өздерінің әлеуетті жұмысшыларына құрылымдық бөлімдері, мемлекеттік қызметтің артықшылығы мен салық басқармаларының, кеден бекеттері және экономикалық тергеу қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру туралы әңгімелеп берді. Сонымен қатар, сұрақтарға да жауап берді.

Кездесу барысында бақылау органдарының құрылымы туралы жан-жақты ақпарат берілді және оған жұмысқа орналасу кезеңдері туралы айтылды. Кешегі студенттерге шекара маңындағы бекеттердің қызметі туралы кәсіби фильм көрсетілді.

Барлық жаңалықтар