- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-ның ТЖД балаларды өрт сөндіретін кішкентай көлікпен таныстырды
ШҚО-ның ТЖД балаларды өрт сөндіретін кішкентай көлікпен таныстырды
«Жазғы лагерлердегі өскелең ұрпақ арасындағы ауқымды профилактикалық жұмыс шеңберінде ШҚО ТЖД қызметкерлері кішкентай көрермендерді үнемі таңқалдыруға тырысады. Осы жолы Қаныш Сәтпаев атындағы лагерге отпен күресушілер «Нива» автомобилі базасында жасалған өрт сөндіру-құтқару көлігінде келді. Автомобиль өрт сөндірушілерді, құтқарушыларды, сондай-ақ апаттан құтқару жабдықтарының жиынтығын өрт және төтенше жағдай орнына жедел түрде жеткізуге арналған», - делінген хабарламада.
Кәсіби шағын автомобиль Европада және Ресейде құрметке иеленді. Ол жоғары қысымдағы жіңішке шашыранды сумен және минутына 30 литр аз су шығынымен ТРВК-2 оқпанындағы көбікпен А, В, С және Д сыныпты өрттерді оқшаулайды және сөндіреді. Енді осындай көлік Өскемен қаласының қысылтаң жағдайында жұмыс істейтін болды, өнеркәсіп объектілерінен бастап қоқыс бактарындағы тұтануларды сөндіруге де шығады.
Өзінің шағын габаритінің арқасында ол биіктігі 2 метрден асатын қақпалардан өте алады. Автомобильдің Қаныш Сәтпаев атындағы лагерге шығуы да кездейсоқ емес. Балалар лагері Ульба өзенінің арғы жағалауында орналасқан. Демалыс орнына жету үшін демалушылар жеңіл автомобильдің жүгін көтере алатын аспалы көпір арқылы өтеді. Көп тонналы қарапайым өрт сөндіретін АЦ көпірмен де, сарқыраған өзеннен де өте алмайтыны хақ. Жүгі бар өрт сөндіретін салмағы 1300 кг шағын көлік қажетті жерге көпір арқылы өтіп, тез арада жетті.
Балалар қысымдағы суы бар оқпанмен гүлзарда өскен шөпті суарып, өздерін нағыз өрт сөндіруші рөлінде сезінді.
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары -
Шомылу маусымы кезіндегі қауіп-қатер мен өрт қаупін алдын алу шаралары -
Жазғы демалыстағы балалар қауіпсіздігі: Шомылу, өрт қауіпсіздігі және жұмыспен қамту мәселелері -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Президент тапсырмасы: Спорт және балалардың шығармашылық әлеуетін қолдау бойынша қандай іс-шаралар іске асты -
ТЖМ: Өрт қауіпсіздігі, елдімекендердегі өрт сөндіру бекеттері және алдын алу шаралары -
ТЖМ: Су тасқынына дайындық және тұрғын үйлердегі өрттің алдын алу мәселелері -
2021 жыл - «Балалардың кітап оқуын қолдау» жылы: атқарылатын жұмыстар -
Үгіт-насихат жұмыстары: кандидаттар өңірлерде бағдарламаларын таныстырды