Қостанай облысында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды (Фото)

16 Шілде, 2015 09:06
Қостанай облысында 2000 адам санындағы тұрғындарды қорғау үшін өрт сөндіру бекеті ашылды, деп хабарлады Қостанай облысының ТЖК.

Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасы ормандала аумағына жататын және алыс орналасқан елді-мекендерді өрттен қорғау бойынша негізгі тірек өрт бекеттерін құру және ерікті өрт сөндіру құрылымдарының жұмысын құруға қойылады.

Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 894 қаулысын орындау мақсатында, Алтынсарин ауданы әкімінің және Қостанай ТЖД басшылығының қатысуымен Алтынсарин ауданы Ново-Алексеевка ауылында «Ново-Алексеевка» ӨК «Беляевка» ЖШС базасында № 7 өрт сөндіру бекетінің ашылуы өткізілді.

Осы ауылда өрт сөндіру бекетінің жасақталуы қосымша 2 мыңнан астам халқы бар Приозерное ауылын, ормандала алқабын өрттен қорғайды.  Қостанай облысында құрылған осы бекет санақ бойынша 7 болып келеді. Оған дейін Әулиекөл, Таран, Жітіқара, Қостанай, Ұзынкөл аудандарында өрт бекеттері ашылды.  

Өрт сөндіру бекеті қосымша өрт сөндіру көлігін орналастыру үшін және ерікті өрт сөндіру құрылымының жеке құрамына арналған жылытылатын үй-жаймен қамтамасыздандырылған.

Төтенше жағдайлар департаменті кәсіби дайындық мектебінің оқытушы құрамымен ерікті өрт сөндіру құрылымдарының өрт сөндірушілері мен жүргізушілерінің арасында алғашқы дайындық бойынша оқытулар жүргізілді. Біткесін білікті комиссиямен сынақтар қабылданып және алғашқы  дайындықты өткені туралы лауазымдары бойынша куәліктер тапсырылды.

Алыс орналасқан елді-мекендерді өрттерден қорғау бойынша өрт бекетінің ашылуы Алтынсарин ауданы үшін өте маңызды оқиға болып саналады. 

 

Барлық жаңалықтар