- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында командалық-штабтық оқу-жаттығулары «Химиялық қауіпсіздік 2015» басталды
Жамбыл облысында командалық-штабтық оқу-жаттығулары «Химиялық қауіпсіздік 2015» басталды
Жаттығулар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымның Техникалық хатшылық арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес ұйымдастырылады және 17 шілдеге дейін 3 күн өтеді.
«Оқу-жаттығуларда Ішкі істер, Сыртқы істер, Қорғаныс, Инвестициялар және даму министрліктері, Жамбыл облысы әкімдігінің өкілдері қатысты. Сондай-ақ ұйымның Нидерландтан 2 Техникалық хатшылық басшылығының өкілдері мен Армения, Беларусь, Болгария, Грузия, Куба, Литва, Польша, Румыния, Вьетнам және Украинаның 15 өкілі қатысты», - делінген хабарламада.
Командалық-штабтық оқу ашылуы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Карпович Божконың төрағалығымен М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде өтті. «Он алты жыл бұрын Қазақстан 2000 жылдан бастап мүшесі болып табылатын Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым құру кезінде негізгі құжат болған Химиялық қаруға тыйым салу туралы конвенцияны, ратификациялады. Ел бірнеше жыл бойы қауіпсіз реагенттер туралы химиялық қауіпті объектілерді айырбастау жөніндегі жұмысты жүзеге асырды. Үкімет химиялық қауіпті объектілер бойынша ықтимал авариялармен байланысты техногендік апаттардан халықты қорғауға үлкен көңіл бөледі. Республиканың барлық қауіпті объектілерінде объектілік машықтанулар, тактикалық-арнайы және командалық-штабтық жаттығулар өткізіледі, соның барысында кәсіпорындар персоналдарын, халықты және аумақты техногендік қауіптерден, соның ішінде химиялық ластанудан қорғауды қамтамасыз ету мәселелері пысықталады» - дейді В. Божко.
Химиялық қару тыйым салу жөніндегі көмек ұйымның Техникалық хатшылығының көмек пен қорғау бөлімінің басшысы Шон Дэкалю құттықтау сөз сөйледі.
Сондай-ақ, командалық-штабтық оқу-жаттығулардың бірінші күні ҚР ІІМ ТЖК төрағасының орынбасары Жасұлан Қыдырғожаұлы Жұмашев, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Серікбекұлы Орынбеков, Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті төрағасының орынбасары Талғат Тоқсанәділұлы Байзақов, «Құтқарушы» Әскери апаттық-құтқару қызметінің басшысы Лүшікбаев Болат Закирұлы, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Санитарлы авиациялық республикалық орталығы» ШЖҚ Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Ахилбеков Нурлан Салимұлы және Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Евгений Викторович Мершиёв өздерінің баяндамаларын ұсынды.
Бұдан басқа КЖОЖ шеңберінде Өрт сөндіру және авариялық –құтқару жұмыстары қызметінің өрт сөндіру бөлімінде арнайы техниканы және жабдықтарды көрсетуді ұйымдастырады.
Командалық-штабтық оқу-жаттығулар практикалық кезеңдері «Қазфосфат» ЖШС объектілерінде оқу-жаттығудың екінші күні өтеді. Ол химиялық авария туындайтын төтенше жағдайларды жою кезінде, құтқару бөлімшелерінің өзара іс-қимыл алгоритмі пысықталатын болады.
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді