- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның әскери оқу орындарына түсуге 1500-ден астам талапкер құжат тапсырды (Фото)
Қазақстанның әскери оқу орындарына түсуге 1500-ден астам талапкер құжат тапсырды (Фото)
«Олардың ішінде 1 065 жас бірыңғай ұлттық тест тапсырып, 499-ы кешенді тестілеуге дайындалуда. Бір аптадан соң 50-ден және одан жоғары балл жинаған барлық жасөспірімдер өздері таңдаған еліміздің түрлі өңірлеріндегі әскери оқу орындарына жіберіледі», - делінген хабарламада.
Еліміздегі әскери оқу орындардың курсанты атану үшін олар бес кезеңнен тұратын сынақтан сәтті өтуі тиіс. Бастапқыда – алдын-ала кәсіби-психологиялық іріктеуден, дене даярлығы бойынша нормативтер тапсырудан, сонымен қоса медициналық куәландырудан, жас жауынгердің курсы және кәсіби-психологиялық іріктеуден, ал қорытындысында – факультеттер бойынша конкурстық іріктеуден өтеді. Әр кезеңнен өту үшін бір ғана мүмкіндік беріледі.
Елімізде бакалавриат бағдарламасы бойынша үш жоғарғы әскери оқу орны әскери кадрларды даярлауды жүзеге асырады. Атап айтсақ, Құрлық әскерлері әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери инстиуты, екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Бегелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институты. Биыл қабылдау ережесі өзгерді. Енді талапкерлер мамандықты тестілеуден бөлек физика, география, химия, биология немесе дүниежүзілік тарихты таңдауы мүмкін. Сонымен қатар құжаттарды рәсімдеу жеңілдетіліп, оларды қабылдау мерзімі өзгертілді. Жоғарғы әскери оқу орындары мен ҚР ҚМ Кадет корпусы – үстіміздегі жылдың 20 шілдесіне дейін, республикалық әскери мектептер – 15 тамызға дейін қабылдайды. Іріктелген үміткерлерді есепке алу 21 тамызға дейін жүргізіледі.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді