• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәскеуде ЕЭК Кеңесі отырысында экономикалық интеграцияны дамытудың өзекті мәселелері талқыланды

Мәскеуде ЕЭК Кеңесі отырысында экономикалық интеграцияны дамытудың өзекті мәселелері талқыланды

15 Шілде, 2015 19:32
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты.

Кеңес мүшелері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің экономикалық интеграциясын тереңдетуге бағытталған оннан астам құжат жобасын талқылады.

Атап айтқанда, ЕАЭО мен ЕЭК органдарының қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізу мәселелері, одақтың бюджеттік жіктелімінің құрамы мен құрылымы туралы Ереже, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің «Еуразиялық экономикалық одақ Сотының Беларусь Республикасы аумағына келу жағдайлары туралы Еуразиялық экономикалық одақ пен Беларусь Республикасы арасындағы Келісім жобасы туралы» шешім жобасын талқылады.

Отырыс барысында цемент пен шыны өндірісін қоса алғанда, құрылыс материалдарын өндіру саласындағы ЕАЭО-қа мүше мемлекеттердің ынтымақтастығын дамыту мәселелері қаралды

Жалпы алғанда ЕЭК Кеңесі отырысының қатысушылары Мәскеудегі кездесуде еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың өзекті мәселелері бойынша өзара тиімді шешімге келді.

 

 

Барлық жаңалықтар