- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Орталық Азияда босқындарды қорғау және көші-қон мәселелері талқыланды
Астанада Орталық Азияда босқындарды қорғау және көші-қон мәселелері талқыланды
Оның барысында жұмыстың негізгі нәтижелері және қорытындылары, сондай-ақ алдағы жылы Алматы процесіне төрағалық ету мәселелері талқыланды.
«Іс-шараға БҰҰ-ның Орта Азия бойынша босқындардың істері жөніндегі Жоғарғы Комиссар басқармасының Аймақтық өкілі Бернард Дойл, Орта Азия бойынша Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның Аймақтық үйлестірушісі Деян Кесерович, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты», - делінген хабарламада.
Өз сөзінде Біржан Нұрымбетов мигранттар мен босқындардың құқықтары мен мүдделерін ескеретін, елдердің жыл сайын ауқымы мен күрделілігі өсіп жатқан төтенше жағдайларға және жаппай орын ауыстыруға дайындығын арттыруға мүмкіндік беретін жүйе құру қажеттелігін айтып өтті.
Вице-министр, «негізгі мақсат Орта Азия елдерінің, жалпы аймақта және одан тыс жерлердің бағытында еңбек миграциясына қатысты күрделі мәселелерді шешуде мемлекеттерге қолдан келетін көмек көрсету», - деп атап өтті.
Кездесу барысында БҰҰ-ның Босқындардың істері жөніндегі Жоғарғы Комиссар басқармасының және Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның жаңа инициативалары, сондай–ақ Алматы процесі шеңберінде ары-қарай дамыту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, Алматы процесі жоғары лауазымды тұлғаларының кезекті кездесуін ағымдағы жылы қыркүйекте Қазақстанда өткізу жоспарлануда. Кездесудің мақсаты мен тақырыбы Орталық Азияда, жалпы аймақта еңбек миграциясы саласындағы күрделі мәселелердің шешімін табуда қатысушы елдердің әлеуетін нығайту болмақ.
Қорытындысында кездесуге қатысушылар БҰҰ-ның Босқындардың істері жөніндегі Жоғарғы Комиссар басқармасының және Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның 2016 жылы Алматы процесінде Қазақстан Республикасының төрағалығын ұзарту жөніндегі ұсыныстарын қолдады.
Алматы процесі – 2011 жылы Қазақстанның инициативасымен құрылған тұрақты диалогтық алаң екенін естеріңізге саламыз.
Алматы процесінің мақсаты - босқындардың және халықаралық миграцияның өзекті мәселелерін аймақтық форматта және ғаламдық пенрспективасында бірлесіп шешу. Қазақстан Алматы процесінің бірінші төрағасы болып сайланған.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы