«Халық марқасы» жалпыұлттық байқауына қатысуға 70-тен астам өтініш түсті

15 Шілде, 2015 16:37
Отандық тағам өнімдерін өндірушілерді қолдауға бағытталған «Халық марқасы» жалыұлттық байқауына қатысуға 70-тен астам өтініш түсті, деп хабарлайды «Қазақстанда жасалған-Халық марқасы» жобасының жетекшісі Рима Тәжібаева ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

«Қазір байқаудың қабылдау мен тіркеуден тұратын бірінші кезеңі өтіп жатыр. Бүгінгі таңда біз байқауға қатысуға ниет білдірген 70-тен астам өтініштерді алдық. Ресми түрде 24 бренд тіркелді. Айта кететін мәселе, біз ең көп өтінішті дәнді дақылдар мен сүт өндірушілерден алдық»,-деді Р.Тәжібаева. 

Оның сөзінше, байқау барысында ашыған сүт өнімдерін өндірушілер үшін тағы бір аталым тағайындалып, оған осы деңгейдегі брендттерден 16 өтініш түскен. 

«Жасыл экономика үшін» коалициясы және Global-ды дамыту заңды тұлғалар бірлестігінің президиум төрайымы, Мәжіліс депутаты Айгүл Соловьева байқаудың біздің еліміз үшін ерекше жаңа жоба екендігін айтып өтті. 

«Байқаудың басты ерекшелігі онда түрлі аталымдар бойынша 30 ең үздік деп табылған өнім өндіруші халықтық дауыс беру арқылы таңдап алынады.  Статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстандағы 2 мыңнан астам азық-түлік өнімдерін өндірушілер ДСҰ мен Еуразиялық экономикалық одақ аясында лайықты бәсекелесе алу үшін өздерінің өнімдерінің сапасын тұрақты арттырып отырулары керек. Біз барлық отандық өнім өндірушілерді байқауға қатысуға шақырамыз»,-деді ол.   

Байқаудың бірінші кезеңі 25-тамыз күні аяқталып, онлайн-дауыс беру шаралары басталады және ол шара 31-қыркүйеккке дейін жалғасады. 30 жеңімпазды марапаттау рәсімі 16-қазан күні Миландағы ЭКСПО-2015 көрмесіндегі қазақстандық павильонда өтеді.     

Ботагөз Айтжанова

 

 

Барлық жаңалықтар