• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Қазақстанда жасалған» жазуымен 100 мың логотип елдің 19 мың сауда орталығында орнатылды

«Қазақстанда жасалған» жазуымен 100 мың логотип елдің 19 мың сауда орталығында орнатылды

15 Шілде, 2015 16:18
«Қазақстанда жасалған» жазуымен 100 мың логотип елдің 19 мың сауда орталығында орнатылды, деді ОКҚ брифингінде NADLoC «Жергілікті қамту бойынша ұлттық агенттік» АҚ басқарушы директоры Әділхан Арыстанов.

«Елбасының тапсырысы бойынша «Қазақстанда жасалған» бастаумен отандық өнімді насихаттау шаралары жүруде. Барлық желілер мен ел өңірлерінде отандық тауар секциялары ашылуда, ал жергілікті өнімді таныстыру үшін бірыңғай логотип дайындалды. Ол сауда орталықтарында орналастырылды», - деді А.Арыстанов.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда 19 мың сауда орталығында 100 мың логотип орналастырылды.

«Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстанда жасалған форумы» ұйымдастырылды. Оған 80 компания қатысты. Олар фармацевтика, өндірістік химия, азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдары саласында қызмет етеді», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар