- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстау облысында биылғы жылдың 6 айында 273,113 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Маңғыстау облысында биылғы жылдың 6 айында 273,113 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
«2015 жылы 500 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда, оның ішінде 1 080 шаршы метрі Маңғыстау ауданында жалға берілетін үйлер, ал 66 992 шаршы метрі Ақтау қаласында несиеге берілетін үйлер. 32 а шағын ауданында 5 580 шарты метр 120 пәтерге есептелген 2 түрғын үй жас отбасылар үшін пайдаланылуға беріледі. Сонымен қатар, 426 348 шаршы метр коммерциялық және жеке тұрғын үйлер пайдаланылуға беріледі», - деп хабарлады Маңғыстау облысы құрылыс басқармасының бастығы Орақ Аяпов.
Оның айтуынша, ағымдағы жылы әлеуметтік нысандардың құрылысына 9 млрд 571 млн теңге бөлінді. 2014 жылы басталған құрылыс жұмыстарын аяқтау үшін 7 млрд 144 млн теңге бағытталды.
«2014 жылы 6 орта мектеп пен 15 мектепке дейінгі мекеменің құрылысына 5 млрд 850 млн теңге бөлінген болатын. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қомақты қаржы түгелімен игеріліп, 2 360 орынға есептелген 3 жалпы білім беру нысаны мен 780 орынға есептелген 4 балабақша пайдаланылуға берілді. Ағымдағы жылы 2 448 орында есептелген 3 орта мектеп пен 2 750 орынға есептелген 13 мектепке дейінгі білім беру мекемесін пайдаланылуға беру көзделіп отыр», - деді О. Аяпов.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары