Қ.Келімбетов: БЖЗҚ кірістері инфляциядан 2 есеге артық

15 Шілде, 2015 15:48
«Бірыңғай жинақтау зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының зейнетақылық активтерінің кірісі инфляциядан 2 еседен астам көп, деп хабарлады Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов Орталық коммуникациялар қызметінде қаржы секторындағы жағдай мен 2015 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындыларына байланысты өткен баспасөз мәслихатында.

«БЖЗҚ зейнетақылық активтерінің көлемі инфляциядан екі есеге көп,  2015 жылдың бірінші жартысында ол 3,04 пайызды құрады, ал  теңгенің құнсыздану деңгейі 1,4 пайыз болды. Жалпы алғанда, 2015 жылы Ұлттық банк сатып алған құнды қағаздардың орташа кірістері 8,3 пайызды құрады»,-деді Қ.Келімбетов.      

Оның сөзінше, 2015 жылдың 1-шілдесіндегі жағдай бойынша, БЖЗҚ-ның зейнетақылық активтерінің көлемі 5 трлн-ға жуық теңгені құрап, өсім 9,1 пайызды құрады.  

«2015 жылдың бірінші жартысында Ұлттық банк зейнетақылық активтерді БЖЗҚ Инвестициялық декларациясына сай, яғни 560,4 млрд теңге көлемінде инвестициялады»,-деді Қ.Келімбетов.

Оның айтуынша, алдағы уақытта БЖЗҚ-ның инвестициялық саясаты Мемлекет басшысы басқаратын кеңес арқылы нақтыланады.  

«Мемлекет басшысына жолданған БЖЗҚ-ның инвестициялық саясатын Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес анықтайтын болады және оны Мемлекет басшысы басқарады, ал кеңестің құрамына Парламент спикерлері мен Премьер-Министр және мемлекеттің өзге де басшылары кіреді»,-деді ол.  

Қ.Келімбетов БЖЗҚ-ның инвестициялық декларациясының инвестициялық декларациялармен салыстырғанда зейнетақы қорларының жеке иелікте болғанындағыдай үлкен өзгерістерге ұшырамағандығын  атап өтті.

«50 пайызға жуық салымдар Қаржы министрлігінң мемлекеттік құнды қағаздары. Ал біз даму институттары мен ұлттық компанияларының қағаздарына салым саламыз ба ? Бізде қазақстандық несие компаниясына салым салу туралы нақты жоспарларымыз бар. Сонымен қатар біз «Халықтық IPO» сияқты бағдарламаларды қолдайтын боламыз. Бізде осындай жоспарлар бар, дегенмен біз негізгі екпінді мемлекеттік құнды қағаздарға салғанды дұрыс деп отырмыз, сонымен қатар біз екінші деңгейлі банктерді қолдаймыз»,-деп қорытты ол.  

Анар Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар