• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР кәмелетке толмаған жасөспірімдерге қарсы қылмыстар саны 2 есеге төмендеді – ІІМ

ҚР кәмелетке толмаған жасөспірімдерге қарсы қылмыстар саны 2 есеге төмендеді – ІІМ

15 Шілде, 2015 15:34
Қазақстанда кәмелетке толмаған жасөспірімдерге қарсы қылмыстар саны 2015 жылы 2 мың 61-ге дейін азайды, өткен жылдың сәйкес мерзімінде осындай қлымыс жасаған азаматтар саны 3 мың 868 болған, деді ІІМ-нің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Бүгінгі таңда Қазақстанда салмақты заңнамалық база қалыптасқан және ол кәмелетке толмағандардың құқықтарын қамтамасыз етуге толық мүмкіндік береді. 

«Министрлік 9 заң жобасын дайындады және олар депутаттардың арқасында қабылданды да. Құжаттардың барлығы да кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға бағытталған. 2009 жылы ойын-сауық орындарының басшыларына олардың иелігіндегі нысандарда кәмелетке толмаған жасөспірімдер түнгі мезгілдерде болған жағдайда жауапкершілік қарастырлған. 2010 жылы балалары түнгі уақытта қараусыз жүргені үшін олардың ата-аналарына жауапкершілік енгізілді. Бұған қоса, алкогольді ішімдіктерді сатуға тыйым салынды, шектеу 18-ден 21 жасқа дейін қойылды. 2012 жылы Еңбек кодексіне бұрын сотталған азаматтармен еңбек келісім –шарттарын жасауға тыйым салатын түзетулер енгізілді. Яғни, бұрындары кез-келген сексуалдық бағыттағы қылмыстар бойынша жауапқа тартылған азаматтар балалармен жұмыс істей алмайды. Бұған қоса, кәмелетке толмағандарға қарсы сексуалдық мағынадағы қылмыс жасағандарға жауапкершілік заң жүзінде қатайтылды. Қазіргі таңда бұл меже 15 жылды құрайды, кәмелетке толмағандарға қатысты жауапкершілік 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру шарасын қарастырады»,-деді И.Лепеха.    

Сонымен қатар, биылғы жылдың 1-қаңтарынан бастап, ата-аналар өздерінің міндеттерін себепсіз орындамаған жағдайда оларға қатысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылды. Сондай-ақ арнайы есепке алынатын адамдар тізімі кеңейтілді, өз балаларына қатысты тәрбие беру міндеттемелерін талапқа сай орындамаған ата-аналар да  есепке алынатын болды.   

«Нәтижесінде қолға алынған шаралар бойынша, біз кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық әрекеттердің саны екі есеге қысқарғандығын көріп отырмыз. Егер өткен жылдың сәйкес мерзімінде кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс 3 мың 868 болса, биыл олардың саны 2 мың 61 болып отыр»,-деді комитет төрағасы.

Анар Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар