- Басты
- Жаңалықтар
- Соңғы 5 жылда Қазақстанның банктық жинақ қоры шамамен 2 есеге артты
Соңғы 5 жылда Қазақстанның банктық жинақ қоры шамамен 2 есеге артты
Банктық жинақ қоры қаржы орталығынан аймақтарға қарай көшкен. Бір жыл ішінде (2015 сәуір 2014 жылдарда) Алматының үлесі 2%-ға кеміп 49%-ға дейін төмендеді. Аймақтар ішінде депозит бойынша Қарағанды облысы көш бастап тұр 6,1 %, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 5,9% құраған болатын.
Қарағанды облысында халықтың жедел және шартты салымдар қоржыны 231,4 млрд теңгені құрады. Бұл ҚР-ның 6% астам бөлігі. Екінші орында Шығыс Қазақстан облысы (177,7 млрд теңге) болса, үшінші орынға Оңтүстік Қазақстан облысы (131 млрд теңге) тұрақтады.
Ал, жеке тұлғалардың салымдары бойынша баяғыша мегополистер көш бастап тұр, алайда оңтүстік астана өз позициясын біртіндеп жоғалтуда. Енді Алматы ҚР-ның тек 49,3% ғана алып отыр. Тек сәуір айында жедел және шартты салымдар көлемі Алматыда 11,2 млрд теңгеге азайып, 1,88 трлн-ға дейін төмендеді. Керісінше, Астанада өсім байқалып отыр, сәуір айында өсім 18,3 млрд теңгені құрап, жылына 49,3 млрд көрсетті (2015 сәуір 2014 жылдар).
Соңғы 5 жылда, 2011 жылдан бастап Қазақстанның банктық жинақ қоры шамамен 2 есе артты. Мегаполистерде депозиттер көлемі 2015 сәуір 2011 жылдарда депозиттер көлемі 1,9 есе артты, ағымдағы жылы аймақтардың ішінен Қарағанды облысы мен ШҚО көш бастап тұр - 1,8 есе, ОҚО 2,7 есе.
Тәртіпті банк салымшылары Қарағанды облысынан, онда аймақта тұратын бір тұрғынға 167,7 мың теңгеден депозит келеді (оның үстіне өңір жалақы көлемі бойынша республикада тек 6 орында).
Екінші орында Атырау облысы (әр тұрғынға 158,8 мың теңгеден). Мұнайлы аймақта депозиттер деңгейі өте жоғары. Үшінші орында Павлодар облысы (158,7 мың теңгеден).
Айта кетерлік жайт, жалпы ҚР-да жеке адамдардың салымдар деңгейі мегаполистерде баяғыша жоғары.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет