- Басты
- Жаңалықтар
- Астана әкімі Smart Astana жаңа жобаларын іске қосты (Фото)
Астана әкімі Smart Astana жаңа жобаларын іске қосты (Фото)
Қала басшысы «Smart емхана», «Smart мектеп», «Smart көшелерді жарықтандыру», «Smart payments» жобаларымен, сондай-ақ, қалалық әкімдіктің интеллектуалды байланыс орталығының жұмысымен танысты.
Атап айтқанда, №4 қалалық емханада «Smart емхана» жобасы тәжірибеде пайдалануға берілді. Смарт-сервис аясында дәрігерге онлайн жазылу жүйесі, терминал арқылы емханаға қабылдауға жазылу, сондай-ақ, дәрігерлер мен тіркеу қызметінің автоматтандырылған жұмыс орындарын іске қосу қарастырылған.
«Smart мектеп» жобасы №3 және №15 мектептер негізінде жүзеге асырылуда. Сол арқылы «е-Асхана», «e-кітапхана», бейнебақылау жүйесі енгізіледі.
Әкім, сондай-ақ, smart.astana.kz порталында коммуналдық төлемдер жасаудың жаңа механизмін қамтамасыз ететін «Smart payments» жобасымен танысты. Бұл жоба бір уақытта су, газ, коммуналдық қалдықтарды шығару, электр қуаты, телекоммуникациялар үшін төлемдерді қабылдайды.
Тағы бір «ақылды» жоба - «Smart көшелерді жарықтандыру» - Астана қаласы «Есіл» ауданының Еңбекшілер көшесінде жүзеге асырылды.
Жоба аясында ескі LED шамдарын жаңаларына ауыстыру, сол арқылы көшелерді жарықтандыруды, көше шамдарын бақылауды жетілдіру көзделіп отыр. Одан өзге, бұл көшені жарықтандыруды автоматтандырудың тағы бір жүйесі болып табылады.
Қала басшысы өз кезегінде әкімдік қызметінің сапасын арттыруға бағытталған қала әкімдігінің интеллектуалды байланыс орталығының жұмысымен де танысты.
Ә. Жақсыбеков барлық жобаларды ресми түрде іске қосты.
Еске сала кетейік, «Smart Astana» жобасын жүзеге асыру аясында «Астана Innovations» АҚ Астананы әлемнің 50 «ақылды» қаласының қатарына енгізу үшін бірқатар смарт-жобаларды қолданысқа енгізіп жатыр. Барлық жобалар инвесторлар тарту арқылы, бюджеттік қаржысыз жүзеге асырылуда.
Әділбек Жақсыбеков аталған жобалардың елордалықтар үшін маңыздылығын ескере отырып, олардың күнделікті өмірде жан-жақты пайдалануға енгізу қажеттілігін айтты.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
«Astana Media Week»: Ковидтан кейінгі әлем және салдары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары