• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту аясында Астанада «Тарихқа тағзым» атты көрме өтуде (БЕЙНЕ)

Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту аясында Астанада «Тарихқа тағзым» атты көрме өтуде (БЕЙНЕ)

15 Шілде, 2015 14:47
Астанадағы Тәуелсіздік сарайындағы көрме залында «Тарихқа тағзым» атты көрме өтуде. Онда өздерінің туындыларын қалың көпшіліктің назарына Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Жанұзақ Мүсәпір мен Суретшілер одағының мүшесі Мақсат Бексұлтан ұсынды. Көрме Қазақ хандығының 550 жылдығы мен ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған.

«Бірлескен экспозицияның құрамында 80-нен астам картина бар. Олар қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінен хабар береді. Экспозицияда әсіресе М.Бексұлтанның «Аңырайқай шайқасы» атты туындысына ерекшеленіп тұр. Қазақ жеріндегі әйгілі шайқас қазақтардың бастарының бірігуіне, халық рухының көтерілуіне себепші болды. Бұл еңбек қазақ халқының туған жер үшін «жұмылған жұдырықтай болып» бірккен 1729 жылдағы маңызды кезеңдерді суреттейді. Бұл жоңғарларға қарсы шешуші шайқаста қазақ батырлары өте үлкен жеңіске жетті»,-деді Тәуелсіздік сарайының өнертанушысы Саина Әжіғалиева Strategy2050.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, атаулы датаны атап өту жөнінде 2014 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсыныс жасаған болатын. 2014 жылдың 31-желтоқсанында Үкіметтің «2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын атап өтуге дайындық пен оны өткізу туралы» № 1448 қаулысы шыққан болатын.  

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар