Қазақстанның халықаралық резервтері 0,5 пайызға көтерілді – Ұлттық банк

15 Шілде, 2015 14:02
Қазақстанның халықаралық резервтері 0,5 пайызға көтерілді, деді ҚР Ұлттық банктің төрағасы Қайрат Келімбетов ОКҚ брифингінде.

 «Маусым айының соңғы деректері бойынша Ұлттық Банктің алтын-валюта Қоры 28, 891 млрд.АҚШ долларын құрады. Ұлттық Қордың активтері 69,028 млрд. АҚШ долларын құрады, естеріңізге сала кетейік, Нұрлы Жол Бағдарламасы аясында Ұлттық Қордан қаржы бөлінгендігі себепті, резевртер 1,3% кеміген еді. Жалпы, халықаралық резервтер 97,919 млрд. АҚШ долларын құрады. Ал оның ішінде таза халықаралық резервтер бұған дейінгі есеппен салыстырғанда 0,5% артып, 28,104 млрд.АҚШ долларын құрады, ал алтын активтері 7,769 млрд.АҚШ долларына жетті.Маусым айында ішкі валюта нарығындағы жағдай бойынша – сұраныс пен ұсыныс тепе-тең болды», - деді Қ.Келімбетов.

Айта кетерлігі, Қазақстанда 2015 жылы инфляция деңгейі 4 пайыздан артпады.

Анара Таныркулова

Барлық жаңалықтар