• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Парламентінде елімізде Конституцияның үстемділігін қамтамасыз ету депутаттардың міндеті екіні аталып өтті

ҚР Парламентінде елімізде Конституцияның үстемділігін қамтамасыз ету депутаттардың міндеті екіні аталып өтті

15 Шілде, 2015 13:32
Елімізде Конституция үстемділігін қамтамасыз ету депутаттардың міндеті, деп мәлімдеді ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыпов Астанадағы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында.

«Төртінші сессия барысында ритификацияланған халықаралық келісім шарттар арасында «Еуразиялық экономикалық одақ туралы ратификациялау туралы» заңды ерекше атап өтер едім. Қазақстанның әлем қауымдастығымен ынтымақтастығын кеңейту жағдайында мемлекеттің тәуелсіздігі мен егемендігін нығайту басты стратегиялық міндет болып табылады»,  деді Қ.Жақыпов. 

Оның айтуынша, депутаттар Ұлт көшбасшысы ұсынған интеграцияның экономикалық үлгісін толығымен қолдайды.

«Осы келісімді орындау Қазақстанды бәсекеге қабілеттілікке және мемлекет ретінде табыстылыққа сынауда. Және тек экономика саласында ғана емес, Үкімет, лауазымды қызметкерлер, ұлттық мүдде үшін жұмыс істеп жатқандардың барлығы тәжірибе жинақтауда. Біз заң шығарушылар ретінде елімізде Конституция  үстемділігін қамтамасыз ету депутаттардың басты міндеті екенін ұмытпауымыз керек»,  деп толықтырды Мәжіліс басшысы.

Сонымен қатар, Қ.Жақыпов Қазақстанның ДСҰ-ға енуі туралы келіссөздердің аяқталғанын тілге тиек етті.

«Н. Назарбаев атап өткендей, ДСҰ-ға мүше болу біздің алдымыздан жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл отандық кәсіпорындарға шетелдік нарыққа шығуына жол береді»,   деді Қ.Жақыпов.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар