Қазақстанның ГФР-дағы Елшісі Германияның канцлерімен кездесті

15 Шілде, 2015 12:46
ГФР басшылығы Берлинде тіркелген дипломатиялық корпустың басшыларымен дәстүрлі кездесуінің шеңберінде ҚР ГФР-дағы Елшісі Болат Нүсіповтің Германия Федералдық Канцлері Ангела Меркельмен әңгімесі өтті, деп хабарлады СІМ.

Германия үкіметінің басшысы Қазақстанның халқына және Елбасына өзінің жақсы тілектерін жолдап, бес реформаны іске асыруға табыс тіледі. Қазақстандық дипломат Германия Канцлерінің тілектерін алғыспен қабылдады.

 

Барлық жаңалықтар