Қазақстан Парламенті төртінші сессияны аяқтап, демалысқа кетті

15 Шілде, 2015 12:34
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламентінің қос палатасы бесінші шақырылымдағы төртінші сессияның жұмысын аяқтап, бірлескен отырыстан кейін жазғы демалысқа кетті

«Төртінші сессияда Парламент Үкіметпен үйлесімді өзара қарым-қатынаста халық пен мемлекет мүддесі үшін Елбасы белгілеп берген және қалыптасқан жағдай талап етіп отырған көптеген ауқымды міндеттерді шеше алды. Барлық фракциялар, депутаттық бірлестіктер, қос палатаның барлық комитеттері, әрбір депутат береке-бірлік таныта отырып, ортақ елдік мақсаттар үшін жұмыс атқарды. Олардың әрқайсысы біздің ортақ нәтижемізге өз үлесін қосты», - деді бірлескен отырыста бас баяндама жасаған Мәжіліс төрағасы Қ.Жақыпов. 

Орайды пайдалана отырып, Қ.Жақыпов депутаттық корпуспен констурктивті қарым-қатынас орнатқаны үшін Премьер-министр мен Үкімет мүшелеріне алғысын айтты. 

«5-ші шақырылымның 5-ші сессиясында заң жобаларының топтамасы көп болады. «100 нақты қадамды» жүзеге асыру бойынша Ұлттық комиссия ұсынған құжаттар да баршылық. Олар қаралып, бізден саяси жауапкершілік пен жоғарғы кәсібилікті қажет етеді», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар