- Басты
- Жаңалықтар
- Атырау облысында 2013 жылы «Атырау-Индер» автомобиль жолы жаңғыртылады
Атырау облысында 2013 жылы «Атырау-Индер» автомобиль жолы жаңғыртылады
Индер ауданында өндірілетін құрылыс материалдарымен қатар, өзге де кен өнімдерін тасымалдалдарын жеңілдету мақсатында ағымдағы жылы облыстық маңызы бар ұзындығы 150 шақырым «Атырау-Индер» автомобиль жолын (20-170 шақырым) күрделі жөндеу жұмыстары басталмақ. Қазіргі таңда жолдың жобалау-сметалық құжаттамалары жасақталып, аяқталды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазіргі таңда аталған жолдың 20-100 шақырым бөлігі НКПОК копманиясының әлеуметтік-инфрақұрылым жобасы шеңберінде жобаға сәйкес жөндеу жұмыстары басталса, облыстық бюджет есебінен 100-170 шақырым бөлігін күрделі жөндеуге мердігер мекеме анықтау үшін тендерлік конкурс жүргізілуде», - деп хабарламада нақтыланған.
Бұдан басқа үстіміздегі жылы осы «Атырау-Индер» жол бойында орналасқан Махамбет ауданының Алға, Ортақшыл, Есбол, Ақжайық елді мекендерінің кірме және орталық көшелерін күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттамалар жасақталуда.
Тарихи маңызы зор Махамбет ауданының Сарайшық селосының кірме жолына қоса, Махамбет селосының 1 шақырым ішкі жолын күрделі жөндеуге ЖСҚ жасақтау жұмыстары қаржыландырылуда. Жыл аяғына дейін Махамбет пен Ақжайық селоларының жолдарын күрделі жөндеу жұмыстарын толығымен аяқтау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен үстіміздегі жылы Жылыой ауданындағы Ақкиізтоғай селосының ұзындығы 31 шақырым, Қосшағыл селосының 2,2 шақырым кірме жолдарын күрделі жөндеуге жобалар жасақталуда.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары