- Басты
- Жаңалықтар
- «Әскери пост» байқауы интернет желісіндегі журналистер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады
«Әскери пост» байқауы интернет желісіндегі журналистер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады
Ұйымдастырушы комитетке Қазақстанның түрлі өңірлерінен Интернетте әскери тақырыпта жарияланған посттар бойынша блогерлерден барлығы 30 өтініш келіп түсті. Интернет желілеріндегі журналистер мен блогерлер толымды басылымдармен қатар, Қарулы Күштеріндегі оң өзгерістер, армия қызметі және жауынгерлік дәстүрлер, қазіргі әскери қызметшілердің ерлігі мен батырлық үлгісі туралы қоғамды кеңінен ақпараттандырып келеді.
Интернеттегі әскери тақырыптағы үздік жарияланым бойынша блогерлер арасындағы байқау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің оң имиджін нығайтуға үлес қосып жүрген әскери сарапшыларды, медиа-мамандық, қоғам өкілдерін, желідегі журналистер мен блогерлерді ынтыландыруға бағытталды. Естеріңізге сала кетсек, байқауға ҚР азаматтары, тәуелсіз журналистер, блогерлер, интернет-платформалардағы танымал блогтардың жетекшілері қатыса алады.
Аталған іс-шараға қатысу үшін 2015 жылдың 1 қаңтары мен 20 қыркүйегіне дейінгі аралықта әлеуметтік желілерде және блогтарда жарияланған, Қарулы Күштердің дамуына арналған Интернет-жарияланымдарды (мақалалар, эсселер, сұхбаттар, суреттемелер және т.б.) ұсыну қажет. Жеңімпаздар төмендегі номинациялар бойынша марапатталады. Атап айтқанда, «Мірдің оғы» аталымы – әскери тақырыптынасихаттауға қосқан үлесі үшін, «Ұтқыр шабуыл» – үздік сараптамалық постқа арналған аталым, «Суреткер сарбаз» – үздік фоторепортажға арналған аталым. Әр номинация бойынша бір жеңімпаз анықталады. Байқау мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады