• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан – ТМД бойынша тікелей шетелдік инвестиция тартудың үздігі - Мәжіліс төрағасы

Қазақстан – ТМД бойынша тікелей шетелдік инвестиция тартудың үздігі - Мәжіліс төрағасы

15 Шілде, 2015 11:49
Қазақстан – ТМД бойынша тікелей шетелдік инвестиция тартудың үздігі , деді ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыпов Астанадағы Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында.

« «100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асырудың басы Парламенттің барлық заңының қабылдануы болып табылады, ол заң әділеттілігіне бағытталған құжаттар. Азаматтардың елге және сот жүйесіне сенімін арттыратын сот жүйесін құрудың стратегиялық міндеті шешілуде», - деді Қ.Жақыпов.

Сондай-ақ, Қазақстан ТМД елдері бойынша шетелдік инвестиция тартудың үздігі деді ол.

«Инвестициялық және туристік әлеуетті көтеру мақсатында Үкімет 20 экономикалық дамыған елмен визасыз режим орнатты», - деді ол.

Оның айтуынша, «100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру үшін шетелдік инвесторлар үлес қосуы керек, мемлекет де олардың қызығушылығына кепілдік беруі тиіс.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар