• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қ Жақыпов: ҚР Парламентінің палаталары есепті кезеңдегі жұмыс барысында 113 заң қабылдады

Қ Жақыпов: ҚР Парламентінің палаталары есепті кезеңдегі жұмыс барысында 113 заң қабылдады

15 Шілде, 2015 11:13
Есепті кезеңде қос палата жұмыс барысында 190 заңжобасын қарастырды, оның ішінде 113 заң қабылданды, деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыпов Астанадағы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында.

«Төртінші сессия барысында мемлекеттік жоғарғы органның қызметі өте қауырт болды, оның аясында палаталардың үш бірлескен отырысы, Мәжілістің 41 пленарлы отырысы өтті. Онда 335 мәселе қаралды. Ал, Сенаттың 33 пленарлы отырысы өтіп, онда 161 мәселе қаралды. Есепті кезеңде қос палатаның қарауына 190 заң болды, олардың 113 қабылданды.  Бұл сессияда 17 заң артық қабылданды. Сонымен қатар комитеттердің 200 кеңейтілген отырысы өтіп, депутаттар заңжобаларына 10 мыңнан астам түзетулер енгізді», - деді Жақыпов.

Оның айтуныша, қабылданған заңдардың ішінде 4 конституциялық, 9 ерікті заңдар, 35-і кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы және 65-і  халықаралық келісімдерді ратификациялар туралы болды.

«Жалпы, Мәжіліс мақұлдаған заңжобалардың басым бөлігі халықаралық және сыртқы саясат тақырыбымен байланысты. Бұл Қазақстан сыртқы саясатқа үлкен көңіл бөлетіні туралы айтады»,  деді Қ.Жақыпов.

Ол баса айтқандай, сессия барысында қабылданған заңдардың барлығы бірлескен және келісілген жұмыстың нәтижесі.

Ботагөз Айтжанова

 

 

Барлық жаңалықтар