- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР СІМ Иран ядролық бағдарламасы жөнінде Тұтастай қамтитын бірлескен іс-қимылдар жоспарына қол жеткізуіне орай мәлімдеме жасады
ҚР СІМ Иран ядролық бағдарламасы жөнінде Тұтастай қамтитын бірлескен іс-қимылдар жоспарына қол жеткізуіне орай мәлімдеме жасады
«Қазақстан Венада Иран Ислам Республикасы мен халықаралық келіссөздер жүргізуші «алтылық» арасында қол жеткізілген Иран ядролық бағдарламасы жөнінде Тұтастай қамтитын бірлескен іс-қимылдар жоспарын құптайды.
Біз бұл келісімді аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік беретін, Иран мен халықаралық қауымдастық арасындағы қарым-қатынасты реттеуге үлес қосатын және өңірдегі барлық мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік дамуына, Қазақстан-Иран екіжақты ынтымақтастығына септігін тигізген тарихи оқиға деп бағалаймыз.
Қол жеткізілген келісімдерді бұлжытпай орындау ядролық қаруды таратпау режимін әрі қарай нығайтуға, сонымен қатар Ядролық қаруды таратпау Келісімі мүше мемлекеттерінің Келісім мен МАГАТЭ талаптарына сай бейбіт ядролық қызметке деген заңды және мызғымас құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Иран ядролық бағдарламасы жөніндегі келіссөздер үдерісіне өзінің практикалық үлесін қосты. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен 2013 жылы Алматыда келіссөздердің екі кезеңін өткізіп, олар Иран мен халықаралық келіссөздер жүргізуші топ арасында сенім атмосферасын қалыптастыруға және Тұтастай қамтитын бірлескен іс-қимылдар жоспарына қол жеткізуге айтарлықтай ықпал жасады.
Қазақстан ИИР ядролық бағдарламасы айналасындағы мәселені әрқашан үнқатысу және келіссөздер жолымен ғана шешуді қолдады және кез-келген халықаралық шиеленістерді саяси-дипломатиялық жолмен шешу жалғыз дұрыс жол деп сенеді», - делінген хабарламада.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары