• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жыл басынан бері ҚР-ның ЕАЭО елдерімен сауда айналымы 6 млн долларды құрады - ҰЭМ

Жыл басынан бері ҚР-ның ЕАЭО елдерімен сауда айналымы 6 млн долларды құрады - ҰЭМ

15 Шілде, 2015 11:26
2015 жылғы қаңтар-мамырдағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы – 6 491,7 млн. АҚШ долларын құрады, деп хабарлады ҚР ҰЭМ Статистика агенттігі.

2014 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 14,1%-ға аз, соның ішінде экспорт – 1 873,7 млн. АҚШ доллары (16,2%-ға аз), импорт – 4 618,0 млн. АҚШ доллары (13,2%-ға аз).

Қазақстан Республикасының экспорты құрылымында көпшілігін минералды өнімдер (51,2% ЕАЭО елдерінің барлық экспортының көлеміне), химиялық өнеркәсіп өнімдері (20,2%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (16,8%), мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (3,8%) құрады.

ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде машиналар және жабдықтар (ЕАЭО елдерінің импорты жалпы көлеміне 30,2%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (17,9%), минералды өнімдері (14,2%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (13,3%), мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (12,3%) әкелінеді.

Барлық жаңалықтар