• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысында 180 мың тонна дайын өнім өндіретін күкірт қышқылы зауыты ашылады

Ақмола облысында 180 мың тонна дайын өнім өндіретін күкірт қышқылы зауыты ашылады

15 Шілде, 2015 11:43
Ақмола облысында жылына 180 мың тонна дайын өнім беретін күкірт қышқылы зауыты ашылады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпір аясында «СП СКЗ Казатомпром»  ЖШС іске қосу мен жөндеу жұмыстары бастау алған болатын.

Жобаны жүзегеасыру құны  13,1 млрд.теңге. Бүгінгі күні бұл жерде 184 адам еңбек етуде, іске қосқаннан кейін жұмысшылар саны 220- ға дейін ұлғаяды деп күтілуде.

Зауыттың іске қосылуы шілде айының үшінші онкүндігіне жоспарланған, алғашқы өнім тамыз айында өндірілетін болады. «СП СКЗ Казатомпром»  ЖШС жылына 180 мың тонна күкірт қышқылын шығаратын өндірістік қуаттылыққа ие.

Нысанды тапсыру бірқатар мәселелердің шешілуін қамтамасыз ететін болады. Ең бастысы Қазақстанда алғаш рет тумір сульфидінен қазақстандық шикізат – комалық күкірт өндіру жүзеге асырылып «Казатомпром» ҰАК АҚ кәсіпорындарының күкірт қышқылына қажеттілігі мәселесі шешіледі.

Оған қоса Каспий өңіріндегі экологиялық жағдайға кері әсерін тигізетін күкірт өңдеу мәселесі де шешілетін болады.

 

 

Барлық жаңалықтар