• Басты
  • ҚР Қарулы Күштерінен «Достастық жауынгері» байқауына қатысуға үміткерлерге үш есе сынақ жасады (ФОТО)

ҚР Қарулы Күштерінен «Достастық жауынгері» байқауына қатысуға үміткерлерге үш есе сынақ жасады (ФОТО)

14 Шілде, 2015 20:46
Бүгін «Достастық жауынгері» халықаралық байқауына қатысушыларды іріктеудің екінші және барынша маңызды күні болмақ. ҚР ҚК 82 әскери қызметшісі (оның ішінде 58 ер азамат және 24 қыз-келіншек) кәсіби шеберліктері, жауынгерлік және дене даярлығы бойынша сайысқа түседі, деп хабарлады әскери ведомсвтоның баспасөз қызметі.

«Кәсіпқой», «Атлет», «Мерген» атты үш негізгі кезең – бұл нағыз сынақтардың топтамасы. Қатысушылар АРД кедергі жолақтарынан өтеді, жалпы әскери қорғаныс жинағын игеріп, суық қаруды лақтыру мен атыс бойынша жаттығуды орындайтын болады. Сонымен қатар дене даярлығы сынға түседі. Ер-азаматтар үшін – белтемірде күштік жаттығуларды орындау, 100 және 3 000 метрге жүгіру, ал қыз-келіншектер үшін – кешенді күштік жаттығулар, 100 және 1 000 метрге жүгіру, сондай-ақ Ф-1 гранатасын дәлдікке лақтыру және бірыңғай кедергілер жолағында жалпы бақылау жаттығуы орындалады.

Соңында – оқ ату даярлығы (АК-74 автоматымен жұмыс істей білу, атыстың түрлі жағдайларында оқ-дәрілерді, аз уақытты шығындай отырып жауынгерлік мүмкіндіктерді пайдалану).

«Біздің әрбіріміз алдағы айтулы байқауға қатысушылар арасынан табылғымыз келеді. Мен барымды салып, көшбасшылар қатарынан көрінгім келеді. Іріктеу кезеңі айтарлықтай күрделі, дегенмен маған оның көпжақтылығы ұнайды. Бұл жерде біз өзіміздің кәсіби дағдыларымыз бен жауынгерлік даярлығымызды көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге дене даярлығын, білімімізді және тіпті шығармашылық мүмкіндіктерімізді де көрсете аламыз», - деді қатысушылардың бірі, «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 46298 әскери бөлімі өткізу пунктінің кезекшісі аға сержант Толқын Бәкіжанова.

Қатысушылар еліміздің түрлі өңірлерінен «Отар» 40-шы әскери базасына келді. Олар өңірлік қолбасшылықтардың, ҚР ҚК түрлері мен тектерінің, Қорғаныс министрлігі және ҚР ҚК Бас штабы құрылымдық бөлімшелерінің, әскери институттардың және ҚР ҚМ Кадет корпусының атынан қатысады.

 Іріктеу кезеңінде 82 үміткердің ішінен Қазақстан Қарулы Күштерінің атынан халықаралық байқауға қатысатын топқа тек алты әскери қызметші ер азамат және екі қыз-келіншек іріктеліп алынады. Олар бір ай бойы тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен күшейтілген даярлықтан өтіп, содан кейін «Достастық жауынгері» халықаралық байқауында еліміздің намысын қорғайтын болады.

Барлық жаңалықтар