- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО ТЖД мамандары балалаларды жас жауынгерлік курсынан өткізуде (ФОТО)
ШҚО ТЖД мамандары балалаларды жас жауынгерлік курсынан өткізуде (ФОТО)
Аталып өткендей, ШҚО ТЖД мамандары 1000 жуық балалаларды жас жауынгерлік курсынан өткізді. Бүгін сондай тәжірбелік курстың бірі Матросов атындағы лагерде жүргізілді.
«6-14 жасар балаларға біз зардап шеккен адамға қалай алғашқы медициналық көмек көрсетуді айтып беруді ұйғардық. Балаларға қызықты болуы үшін, шындыққа ұқсас жарақаттардың муляждарын ұсындық, олар аяқ-қолдарға оңай жабысып қалады», - деді ШҚО ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Наталья Глушакова.
Бұдан басқа екі команданың қатысушылары арнайы құрал-жабдықтармен нағыз құтқарушының рөлінде ойнап көрді. Олар Александров шеңберін лақтырды, шаңғымен жұқа мұз үстінде жүрді, сондай-ақ өрт сөндіргіш жеңдері арқылы нысанды көздеді. Балаларға кинологиялық кезең қызықты болды. Оларға иттердің тапсырмаларды орындағандары қызықты болды.
«Біздің иттер өте мейірімді және ақылды. Олар ешқашан ешкімді қаппайды және ренжітпейді, өйткені олар адамдарды құтқарады», - деп әңгімеледі ШҚО ТЖД кинологиялық қызметтің маманы Наталья Черных.
Қорытындылай келе, балалар осы ойындар арқылы өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызды екенін түсінді, алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйренді, қыс мерзімінде аса сақ болуды, қар көшкіні түсу қаупі бар жерлерге бармау керектігін білді. Әрбір қатысушы жеке сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді